30.06.2018, 12:11 7278

Ұлттық экономика министрлігінде азаматтық қоғам өкілдерімен кездесу өтті

Талқылау барысында Тимур Сүлейменов мемлекеттік сектордыӊ азаматтық қоғаммен ашық және тиімді ынтымақтастығыныӊ маӊыздылығын атап өтті.

Астана. 30 маусым. Kazakhstan Today - Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов үкіметтік емес ұйымдары өкілдерімен кездесті. Кездесу Қазақстан Республикасында үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттіӊ өзара іс-қимылын дамыту жөніндегі ұттық жоспарын іске асыру шеӊберінде ұйымдастырылды.

Кездесуге "Астана" КЕҰ форумы", "Лига потребителя", "Ардагер" қоғамдық бірлестіктер, "Камеда", "Қазақстанныӊ Азаматтық Альянсы" ЗТҚ қоғамдық қор өкілдері және т.б. қатысты.

Талқылау барысында Тимур Сүлейменов мемлекеттік сектордыӊ азаматтық қоғаммен ашық және тиімді ынтымақтастығыныӊ маӊыздылығын атап өтті.

Кездесуге қатысушылар мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарыныӊ өзара іс-қимылын жетілдіру және кеӊейту, үкіметтік емес секторды дамыту, сондай-ақ өзара ынтымақтастықтыӊ мүмкін болатын бағыттары туралы пікір білдірді.

Өз кезегінде ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігініӊ өкілі Қайрат Баймолдинов мемлекеттік органдардыӊ азаматтық қоғам институттарымен тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз ету және оларды әлеуметтік-экономикалық және әлеуметтік-саяси даму міндеттерін шешуге тарту үшін мемлекеттік органдарында азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимыл бойынша уәкілетті лауазымды тұлғаны анықтау қажет екендігін білгіледі.

Кездесу соӊында тараптар ҮЕҰ-мен тығыз ынтымақтастық орнату, сондай-ақ ынтымақтастықтыӊ жаӊа тетіктерін анықтау қажеттігін атап өтті.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны