04.02.2016, 19:34 3441

Ұлттық ғарыш орталығында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ өндірістік лабораториясы

ЖҚЗ ҒЖ орталығында орналасқан арнайы оқу класы университеттіӊ материалдық-техникалықт базасымен жабдықталатын болады, ал ғарыштық пәндерді "Қазақстан Ғарыш Сапары" ұлттық компаниясы" АҚ қызметкерлері оқытатын болады, олардыӊ көбі ғылыми дәрежеге ие.

Астана. 4 ақпан. Kazakhstan Today - "Қазақстан Ғарыш Сапары" ұлттық компаниясы" АҚ ("ҚҒС") және Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (ЕҰУ) кәсіпорында кафедрасыныӊ филиалын құру туралы шарт жасасты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Біздіӊ мақсатымыз ортақ- білікті мамандар даярлау, ғылыми зерттеулер және олардыӊ нәтижелерін өндірісте ендіру", - деді "ҚҒС" ҰК" АҚ президентініӊ міндетін атқарушы Марат Нұрғожин.

ҰҒО өндірістік лабораториясында барлығы Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ "Геодезия және картография" кафедрасыныӊ 20 бакалавры және 8 магистранты оқитын болады.

ЖҚЗ ҒЖ орталығында орналасқан арнайы оқу класы университеттіӊ материалдық-техникалықт базасымен жабдықталатын болады, ал ғарыштық пәндерді "Қазақстан Ғарыш Сапары" ұлттық компаниясы" АҚ қызметкерлері оқытатын болады, олардыӊ көбі ғылыми дәрежеге ие.

(ҚР ЖҚЗ ҒЖ) Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесініӊ жұмыс істеуі туралы екі топтағы алғашқы кіріспе сабақты ЖҚЗ (ҒА) ғарыштық аппаратыныӊ миссиясын жоспарлау тобыныӊ жетекші инженері, ЖБА магистрі Жандос Керімқұлов өткізді.

Оқытушылық қызметінде тәжірибесі бар жас оқытушыныӊ пікірі бойынша ЖҚЗ ҒЖ орталығында өндірістік лаборатория ашу - бұл күн талабы.

"Магистранттар алатын барлық практикалық машықтар біздіӊ ЖҚЗ ғарыш жүйесін тұтынушылар ретінде қажет болады, дәл осындай мамандар еліміздіӊ меморгандарында жеткіліксіз" - деп Ж. Керімқулов санайды.

Бакалаврлар мен магистранттар үшін ҰҒО оқу практикада өз білімдерін пайдалану ғана емес, сонымен қатар қазіргі заманғы ғарыштық технологиялар базасында ғылыми зерттеулер жүргізу, ол болашақта өндірісте қолданылуы мүмкін.

Сонымен қатар оқуды аяқтаған соӊ оларға осы кәсіпорында жұмыс істеу де ұсынылуы мүмкін.

Қазғарыштыӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны