28.04.2008, 19:45 2974

Ұлттық ядролық орталық бұрынғы Семей ядролық полигонының аумағын мақсатты пайдалану бағдарламасының жобасын жасауда

Ұлттық ядролық орталық бұрынғы Семей ядролық полигонының аумағын мақсатты пайдалану бағдарламасының жобасын жасауда

Семей. 28 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Ұлттық ядролық орталық бұрынғы Семей ядролық полигонының аумағын мақсатты пайдалану бағдарламасының жобасын жасауда. Бұл туралы ҚР Ұлттық ядролық орталығының бас директоры, академик Қайрат Қадыржанов мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Өткен жылдың аяғында еліміздің президенті Нұрсұлтан Ибішұлы қоршаған ортаны қорғау министріне телефон соғып, сұхбаттасты. Президент : "Аралмен не істеу керек екендігі аздап түсінікті, бірақ полигонмен не істеу керектігі түсініксіз. Маған нақты бағдарлама беріңіздер" деді . Экология министрі бізге жүгінді", - деді Қ. Қадыржанов.

Оның айтуынша, бағдарлама бірнеше бөлімнен тұрады. Біріншіден, академик полигон аумағын бір әкімшілік құрылымға айналдыруды ұсынуда. "Ол шартты түрде Курчатов ауданы деп аталады және бір облысқа немесе Астанаға бағынатын болады. Бұрынғы полигонның үш облыстың аумағында орналасқаны құпия емес. Соның салдарынан біз көптеген тауқыметтерге тап келіп отырмыз", - деп мәлімдеді Қ. Қадыржанов.

"Қазір аумақтың 80%-ын шаруашылық облысқа беру мәселесі тұр, бірақ бұл 3-4 жылдан кейін болма", -деді ол.

Қ. Қадыржановтың хабарлауынша, сондай-ақ, бұрынғы полигонға шетелдіктер бүгінгі күнге дейін қызығушылық тудыруда, сол себепті ол оған табиғи-тарихи ескерткіш мәртебесін беруді немесе ядролық полигонды үлкен мұражайға айналдыруды ұсынады.

Қ. Қадыржановтың айтуынша, Ұлттық ядролық орталығында кешенді дозиметрия орталығын құру көзделген. "Біз дозаны анықтап, атаулы көмек көрсету үшін зардап шеккендерді нақты айқындай аламыз. Адамдар алған сәуле жайлы толық мәліметтер төлқұжатын құрмақшымыз", - деді академик.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны