17.07.2008, 12:24 1252

Ұлттық қорды Қазақстанның ипотекашыларына көемектесу үшін пайдалану қажет - Ұлттық кәсіпкерлер қауымдастығы

Ұлттық қорды Қазақстанның ипотекашыларына көемектесу үшін пайдалану қажет - Ұлттық кәсіпкерлер қауымдастығы

Алматы. 17 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Ұлттық қорды Қазақстанның ипотекашыларына көемектесу үшін пайдалану қажет. "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне берген сұхбатында Ұлттық кәсіпкерлер қауымдастығының президенті Талғат Акуов осындай мәлімдеме жасады.

"Ұлттық қорды ашу керек. Президент те, үкімет те ұлттық қор халықта проблема туындаған кезде қажет болады деп үнемі айтып жүретін. Біздің бүгінгі күнгі міндетіміз - ипотекалық несиелерді төлеу проблемасының бар екендігін дәлелдеп, оны суреттеп беру", - деп мәлімдеді Т. Акуов.

"Адамдар несие алған кезде олар бір жылдан кейін не боларын білмеді. Бұл форс-мажорлық, яғни, төтенше жағдай болып отыр. Мұндай жағдайда мемлекет проблеманы шешу үшін ақша бөлуі тиіс. Егер адамдар несиелерін қайтаруларын тоқтатса, банктер шетелдік несие берушілерге ақша қаражаттарын қайтаруды тоқтатады. Үкімет өткен жылдың тамызында ақшаны ұлттық қордан екінші деңгейдегі банктерге қалай аудару жөніндегі мәселені шешулері керек еді. Сондай-ақ, үкімет қазіргі таңда несиелерін жаба алмай отырған адамдардың жылжымайтын мүліктерін сатып алатын арнайы қор құрулары керек еді. Қазіргі таңда осы айтылғандар іске асқанда жылжымайтын мүлік құны осыншалықты құлдырап, 70 пайызға арзандамауы мүмкін еді", - деп атап көрсетті ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны