04.07.2008, 10:26 1826

Ұлттық медиахолдинг құрылды

Ұлттық медиахолдинг құрылды

Алматы. 4 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Бейсенбі күні ҚР үкіметінің қаулысымен "Арна Медиа" ұлттық ақпараттық холдинг" АҚ құрылды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Қаулыға сәйкес, "Арна Медиа" АҚ негізгі қызметі Қазақстан Республикасының ақпараттық кеңістігінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында акция пакеттері (қатысу үлестері) "Арна Медиа" АҚ орналастырылған акцияларының төлеміне берілетін заңды тұлғаларды тиімді басқару", - деп көрсетілген кеше жарияланған баспасөз-релизінде.

Баспасөз қызметінің атап өткеніндей, қаулыда бекітілген мемлекеттік акция пакеттері "Арна Медиа" АҚ орналастырылған акцияларының төлеміне берілетін заңды тұлғалардың тізіміне "Қазақстан" республикалық телерадиокорпорациясы" АҚ, "Хабар" агенттігі" АҚ, "Егемен Қазақстан" республикалық газеті" АҚ, "Казахстанская правда" республикалық газеті" АҚ, "Қазақ ақпарат агенттігі" ҰК" АҚ, "Қазақстан телекоммуникациясы" АҚ (КАТЕЛКО), "Қазтелерадио" АҚ, "Жас өркен" ЖШС, "Қазақ газеттері" ЖШС енгізілді.

Холдингтің басқарма төрағасына сайлау үшін үкімет Қуандық Бишімбаевты ұсынды, деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны