12.03.2009, 17:20 2817

Ұлттық медициналық холдинг пен Австрияның Vamed компаниясы аурухананы басқару қызметін көрсету жөніндегі келісімге қол қойды

Ұлттық медициналық холдинг пен Австрияның Vamed компаниясы аурухананы басқару қызметін көрсету жөніндегі келісімге қол қойды

Астана. 12 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Астанада бүгін Ұлттық медициналық холдинг пен Австрияның Vamed компаниясы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің тапсырмасын орындау аясында Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығының базасында аурухананы басқару қызметін көрсету жөніндегі келісімге қол қойды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Келісімге қол қойған сәттен бастап Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы Vamed компаниясының басқаруына беріледі. Австрия жағы менеджменттің тиімділігін арттыру, халықаралық сапа стандарттары мен емделушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету стандарттарын енгізу, сондай-ақ, орталықты халықаралық аккредитациядан өткізу міндеттемелерін жүктеп алады. Келісімнің мерзімі 2 жыл 9 ай деп білгіленген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны