28.01.2009, 14:49 3202

"Ұлттық медициналық холдингі" басқармалары төрағасының медициналық мәселелер жөніндегі орынбасары тағайындалды

"Ұлттық медициналық холдингі" басқармалары төрағасының медициналық мәселелер жөніндегі орынбасары тағайындалды

Астана. 28 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - "Ұлттық медициналық холдингі" басқармалары төрағасының медициналық мәселелер жөніндегі орынбасары болып Бексұлтан Тұтқышев тағайындалды, деп хабарлайды агенттік тілшісі Ұлттық холдингтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

""Ұлттық медициналық холдингі" АҚ директорлары кеңесінің Астанада өткен отырысында "Ұлттық медициналық холдингі" басқармалары төрағасының медициналық мәселелер жөніндегі орынбасары болып Бексұлтан Тұтқышев тағайындалды. Бексұлтан Тұтқышев үшінші шақырылымдағы сенаттың депутаты болған", - делінген хабарламада.

Бексұлтан Тұтқышевты холдинг басқармалары төрағасының орынбасары қызметіне тағайындау туралы бұйрыққа 2009 жылдың 23 қаңтарында қол қойылған.

Бексұлтан Тұтқышев 1948 жылы Қостанайда туған. Қарағанды мемлекеттік медициналық институтын бітірген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гипперсілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны