02.09.2009, 17:06 3184

Ұлттық мемлекеттік саясат мектебінің директоры тағайындалды

Ұлттық мемлекеттік саясат мектебінің директоры тағайындалды

Астана. 2 қыркүйек. Kazakhstan Today - Ұлттық мемлекеттік саясат мектебінің директоры болып Нұрбек Саясат тағайындалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының сыртқы байланыс қызметіне сілтеме жасап.

"ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасының бұйрығымен Нұрбек Саясат Ұлттық мемлекеттік саясат мектебінің директоры болып тағайындалды",- делінген хабарламада.

Нұрбек Саясат Маршаллтаун (АҚШ) колледжін "Саясаттану" мамандығы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін "Халықаралық құқық" мамандығы бойынша бітірген және "Ла Сапиенца" (Рим) университетінің магистратурасын аяқтаған соң геосаясат және халықаралық қауіпсіздік магистрі дәрежесі берілген.

2000 - 2001 жылдар аралығында АҚШ конгрессмені Марк Смиттің, АҚШ президенттігінен үміткер Альберт Гордың сайлау алды науқанында көмекші, Айова штаты (АҚШ) үкіметінің Ақпараттық-есептеу департаментінің инновациялық технологиялар бөлімінде консультант болып жұмыс істеген.

2006 - 2008 жылдары "Қазына" Тұрақты даму қоры" АҚ Инвестициялар департаментінің менеджері, Халықаралық ынтымақтастық департаментінің бас менеджері, басқарма төрағасының кеңесшісі болып істеген.

2008 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасы Президенті Икімшілігі Кадр саясаты бөлімінің кадр жұмысы секторының меңгерушісі болды.

2008 жылдың қазан айында ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректорының бұйрығымен Нұрбек Саясат халықаралық ынтымақтастық жөніндегі вице-ректор болып тағайындалды. 2009 жылдың тамыз айына дейін "Самұрық - Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ маман саясаты және қызметкерлерді басқару жөніндегі атқарушы директоры болған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны