15.12.2015, 14:15 23841

Ұлттық музейде Қазақстан Республикасы ұлттық валютасыныӊ экспозициясы ашылды

Қазақстан Республикасыныӊ Ұлттық мұражайында (Астана қ.) Қазақстан Республикасы ұлттық валютасыныӊ тұрақты жұмыс істейтін экспозициясыныӊ ашылуы өтті, деп хабарлады Ұлттық банк

Астана. 15 желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасыныӊ Ұлттық мұражайында (Астана қ.) Қазақстан Республикасы ұлттық валютасыныӊ тұрақты жұмыс істейтін экспозициясыныӊ ашылуы өтті, деп хабарлады Ұлттық банк, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Ұлттық валютаныӊ тұрақты жұмыс істейтін экспозициясын Қазақстанныӊ астанасында ашу Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ бес институционалдық реформасын жүзеге асыруға бағытталған 100 нақты қадамы" Жоспарына сәйкес келеді, оныӊ бір тармағына сәйкес: "Астананы зерттеушілерді, студенттерді, кәсіпкерлерді, барлық өӊірлерден туристерді тартатын Еуразияныӊ іскерлік, мәдени және ғылыми орталығына айналдыру", деп хабарлайды www.strategy2050.kz тілшісі.

ҚР Президентініӊ 1993 жылғы 12 қарашадағы №1399 Жарлығымен егеменді мемлекеттіӊ экономикалық негізін нығайту және республиканыӊ тәуелсіз ақша жүйесін құру үшін Қазақстанныӊ аумағында 1993 жылғы 15 қарашада ұлттық валюта - Теӊге айналысқа енгізілді. ҚР Ұлттық Банкі ұлттық валютаныӊ тұрақты жұмыс істейтін экспозициясы шеӊберінде ұсынылған Қазақстанныӊ ұлттық валютасыныӊ монеталары мен банкноттарын Қазақстан Республикасыныӊ Ұлттық Мұражайына сыйға берді.

Экспозиция Қазақстан тәуелсіздігініӊ бір нышаны ретіндегі теӊге тарихыныӊ көрсеткіші болып табылады. Ұлттық валюта залында ұсынылған монеталар мен банкноттар көптеген халықаралық наградаларға ие болып, әлемдегі үздіктер қатарында танылды. Мысалы, "Көшпенділер алтыны", "Республика игілігі", "Ғарыш" және т.б. сериялардыӊ ескерткіш монеталары.

Экспозиция құрамында 2006 жылдыӊ еӊ үздік банкноты ретінде танылған номиналы 10 000 теӊгелік банкнот та бар. Бұл коллекцияда ҚР Ұлттық Банкініӊ Қазақстан теӊге сарайыныӊ және Банкнот фабрикасы өнімініӊ бір бөлігі ғана бар. Монеталар мен банкноттар мемлекеттіӊ "келбеті", оныӊ ұлттық бренді болып табылады, оныӊ арқасында мемлекетті сәйкестендіру, оныӊ тарихымен, халықтыӊ мәдениетімен, ұлттық тұрмыс-салты мен дәстүрлерімен танысу орын алады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны