23.02.2013, 11:54 3190

Ұлттық онкология орталығын құру кезінде АҚШ тәжірибесі ескеріледі

Астанада Ұлттық онкология орталығын құру және оған арнап мамандар дайындау кезінде АҚШ-нан келген мамандар қатысады, деп хабарлады бүгін Қазақстанның диагностикалық орталықтары қауымдастығының отырысында "Ұлттық медициналық холдингі" АҚ-ның басқарма төрағасы Кеннет Илібек.

Астана. 22-ақпан. Kazakhstan Today - Ұлттық онкология орталығын құру кезінде АҚШ тәжірибесі ескеріледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астанада Ұлттық онкология орталығын құру және оған арнап мамандар дайындау кезінде АҚШ-нан келген мамандар қатысады, деп хабарлады бүгін Қазақстанның диагностикалық орталықтары қауымдастығының отырысында "Ұлттық медициналық холдингі" АҚ-ның басқарма төрағасы Кеннет Илібек.

"АҚШ тәжірибесі алдыңғы қатарлы болып есептеледі. Бүгінгі таңда стратегиялық серіктесіміз Питсбург Университетімен келісімге қол қойылған, оның медициналық орталығы құрылысқа, қызметкерлерді дайындауға және Ұлттық онкология орталығы мамандарына әрдайым кеңес беруге қатысады", - деді К.Илібек.

Сонымен қатар, холдинг басшысы аталмыш орталық тұрақты әрі өз бетімен жұмыс істей алатын, шетелдік сарапшылар мен олардың кеңестеріне тәуелді болмауы керектігін айтты.

Жабдықтауға келетін болсақ, Кеннет Илібектің айтуынша, реагент сатып алудың орнына компания-жеткізуші жабдықты қамтамасыз ету мәселелері қарастырылады. Бұл өте тиімді, себебі жабдықты жаңалау жиілеп кеткен.

Сонымен қатар, Астана, Алматы, Семей, Ақтөбе және Қарағанды қалаларында қазіргі онкологиялық орталықтар негізінде радиациялық онкологияның 5 аудандық жоғары технологиялы орталығын құру көзделген.

"Біздің 3 жыл уақытымыз бар. Ұлттық онкология орталығы 2016 жылы жұмыс істей бастауы керек. Қазір аптасына 2-3 рет Питсбургтағы әріптестерімізбен бірге орталықтың концептісін талқылаймыз", - деді холдинг басшысы.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда 2012-2016 жылдарға онкологиялық көмекті дамыту бағдарламасы жүзеге асырылуда, оның мақсаты қатерлі аурулардан өлімді азайту арқылы өмір ұзақтығы мен сапасын арттыру болып табылады. Сонымен бірге, 2016 жылға қарай Астанада Ұлттық ғылыми онкология орталығы салынады, онда диагностиканың және онкологияны емдеудің бірегей әлемдік технологиялары шоғырланады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны