05.09.2018, 20:11 4408

"Ұлттық сараптама орталығы" РМК Павлодар облысы бойынша филиалыныӊ директоры бюджеттіӊ 23 860 700 теӊге қаржысын мақсатсыз пайдаланғаны белгілі болды

Аталған дәрі-дәрмекті сатып алу бойынша конкурстық комиссиясыныӊ төрағасы бола тұрып және мердігер ұйыммен сөз байласып, соӊғыға мемлекеттік сатып алу конкурсы бойынша жеӊісті қамтамасыз еткен, одан кейін көрінеу көтерілген баға бойынша дәрі-дәрмектіӊ жеткізіліміне келісімшартқа отырған.

Астана. 5 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетініӊ "Ұлттық сараптама орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорныныӊ Бас директоры Балықбаев Қ.О. РМК Павлодар облысы бойынша филиалыныӊ директорын бюджеттік қаражатты ұрлады деген күдік бойынша болған жағдайға қатысты төмендегіні хабарлайды:

Ұлттық сараптама орталығыныӊ бас директорыныӊ бұйрығына сәйкес 2018 жылдыӊ шілде айында ішкі аудит қызметі Дихлорметан химиялық реактивті (хлорлі метилен) есептен шығару фактісі бойынша Павлодар облысына іссапарға барды.

Тексеру барысында осы препаратты сатып алу кезінде мемлекеттік сатып алу процедурасында бұзушылық фактісі және МИИДБ бағдарламасы бойынша

23 860 700 теӊге қаржы мақсатсыз пайдаланғаны белгілі болды.

Осы дерек бойынша Ұлттық сараптама орталығында ішкі қызметтік тергеу жүргізетін жұмыс тобы құрылды, нәтижесінде препаратты сатып алу кезінде мемлекеттік сатып алу процедурасын жүзеге асыру барысында бұзушылық фактісі дәлелденді.

Тергеу қорытындысы бойынша "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК Павлодар облысы бойынша филиалыныӊ директоры Билялов М.Г. қатаӊ сөгіс түрінде тәртіптік жаза салынды.

Сонымен бірге, осы дерек бойынша Павлодар облыстық прокуратурасына РМК Павлодар облыстық филиалыныӊ директорына-лауазымды тұлғаға қатысты процессуалды түрде шара қолдану үшін ақпарат жіберілді.

Балықбаев Қанаттыӊ айтуынша осындай тексерулер 2017-2018жж. сыбайлас-жемқорлыққа қарсы әрекет ету бойынша ҚР ДСМ іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында жүйелі негізде өткізіліп тұрады.

Павлодар облысында "Дихлорметан" химикалық дәрі-дәрмегін сатып алуға бағаны жөнсіз көтеру арқылы 15 млн. теӊгеден астам ақша қаражатын жымқыру бойынша ҚР ДСМ Ұлттық сараптама орталығыныӊ директоры күдіктелуде.

Аталған дәрі-дәрмекті сатып алу бойынша конкурстық комиссиясыныӊ төрағасы бола тұрып және мердігер ұйыммен сөз байласып, соӊғыға мемлекеттік сатып алу конкурсы бойынша жеӊісті қамтамасыз еткен, одан кейін көрінеу көтерілген баға бойынша дәрі-дәрмектіӊ жеткізіліміне келісімшартқа отырған.

Содан кейін, атқарылған жұмыс актісіне қол қойып, оларға толық көлемде ақша қаражатын төлеуді қамтамасыз еткен.

Тергеу жүргізілуде.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны