13.02.2017, 16:32 4872

Ұлттық телевизиялық тұӊғыш "Тұмар" бәйгесіне жұмыстар қабылдана бастады

12-ақпанда "Тұмар" I Ұлттық телевизиялық бәйгесіне қатысу бойынша өтінімдер қабылдана бастайды.

Астана. 13 ақпан. Kazakhstan Today - "Тұмар" I Ұлттық телевизиялық бәйгесіне жұмыстар қабылдана бастады,- деп хабарлайды ҚР ақпарат және коммуникациялар министрлігініӊ баспасөз қызметі.

12-ақпанда "Тұмар" I Ұлттық телевизиялық бәйгесіне қатысу бойынша өтінімдер қабылдана бастады.

Бәйгені Қазақстан Республикасыныӊ Ақпарат және коммуникациялар министрлігініӊ қолдауымен "Қазмедиа орталығы" ұйымдастырады. Мақсаты - еліміздіӊ еӊ сапалы және өзекті өнімін анықтау арқылы қазақстандық сапалы телевидениені дамыту, ілгері жылжыту, телевизиялық өнім жасаушы дарынды кәсіби мамандарды қолдау.

Бәйгеге 2016 жылы эфирге шыққан телевизиялық айрықша жобалар қатысады. Телевизиялық өнім жасап отырған ұлттық және аймақтық телекомпаниялар, студиялар, продюсерлік орталықтар және басқа да медиа өндіріс ұйымдары үміткер ретінде қатысу үшін 24.02.2017 дейін өтініш жолдайды.

"Тұмар" статуэткасы 12 аталым бойынша беріледі: Үздік деректі кино; Үздік әлеуметтік жоба; Үздік ақпараттық бағдарлама; Үздік ақпараттық-сараптамалық бағдарлама; Үздік музыкалық бағдарлама; Үздік ток-шоу; Үздік телевизиялық сериал; Үздік әзіл-ысқақ бағдарламасы; Телевизиялық маусымныӊ үздік жобасы; Телевидениеніӊ дамуына үлес қосқаны үшін; Үздік аймақтық ақпараттық бағдарлама; Үздік аймақтық әлеуметтік бағдарлама.

Қазылар алқасы жолданған материалдарды сараптап, қарап шығып, жасырын дауыс беру арқылы сыйлық иегерлерін анықтайды. Қазылар алқасы қазақстандық телевидениеніӊ кәсіби мамандарынан жасақталады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны