28.07.2016, 18:51 5350

Ұлттық ұлан қатарына Отан алдындағы борышын өтеу үшін шақырылған сарбаздар онлайн-режимде ата-аналарымен байланысқа шығады

Бұл шара қоғамдық тәртіп әскерінде өтіп жатқан «Жауынгерлік жанұядай ұйысқан, Ұлттық ұлан - елі мен халқына қорған!» атты акция аясында ұйымдастырылып отыр, деп хабарлайды «Оӊтүстік» өӊірлік қолбасшылығыныӊ баспасөз қызметі.

Астана. 28 шілде. Kazakhstan Today - Қазақстанныӊ әрбір өӊірінен Ұлттық ұлан қатарына Отан алдындағы борышын өтеу үшін шақырылған сарбаздар онлайн-режимде ата-аналарымен байланысқа шығады. Бұл шара қоғамдық тәртіп әскерінде өтіп жатқан «Жауынгерлік жанұядай ұйысқан, Ұлттық ұлан - елі мен халқына қорған!» атты акция аясында ұйымдастырылып отыр, деп хабарлайды «Оӊтүстік» өӊірлік қолбасшылығыныӊ баспасөз қызметі.
2016 жылғы 29 шілде күні сағат 11.00-де байланысқа алғаш боп әскери қызметке Қостанай облысынан шақырылған сарбаздардыӊ ата-аналары қосылмақ. Осы күні 100-ден аса әке мен ана ҚР Ұлттық ұланыныӊ 6697 әскери бөліміне (Қостанай қ.) келіп, Отан қорғаушылардыӊ өмірімен, тұрмыстық жағдайымен танысатын болады.
Шараға Ұлттық ұлан Бас қолбасшысыныӊ тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары генерал-майор Мұхаметқали Сатов, Қостанай гарнизоныныӊ әскери прокуроры, облыстыӊ Қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығы, сонымен қатар 2015 жылғы желтоқсан мен 2016 жылғы маусымда Қостанай облысынан шақыртылған жауынгерлердіӊ жақындары қатысады.
Өрсетілген уақыт аралықта облыстан Ұлттық ұланға әскердіӊ қыр-сырын меӊгеру үшін барлығы 600-ден аса жас өркен аттанған.
Өткен аптада Ұлттық ұланда бастау алған «Жауынгерлік жанұядай ұйысқан, Ұлттық ұлан - елі мен халқына қорған!» атты акция аясында әскери-патриоттық бағыттағы көптеген іс-шаралар өткізу жоспарланған. Соныӊ бірі - Ұлттық ұлан басшылығы мен әскери бөлім жетекшілерініӊ сарбаз ата-аналарымен кездесуі және оларға перзенттерініӊ әскери борышын қандай жағдайда өткеріп жатқандығын өз көздерімен көруге жасалған мүмкіндік.
Кездесу барысында ата-аналар алдында Ұлттық ұлан Бас қолбасшысыныӊ тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары генерал-майор Мұхаметқали Сатов сөз сөйлеп, қоғамдық тәртіп әскерініӊ жауынгерлік қызметі мен атқаратын міндеттері жайлы түсіндіріп, көпшіліктіӊ көкейінде жүрген сауалдарына жауап береді. Сондай-ақ, қонақтардыӊ назарына балаларыныӊ сәлемдемесі жолданған бейнежазбалар ұсынылып, перзенттері қызмет атқарып жатқан әскери бөлімнен тікелей байланыста хабарласуға мүмкіндік туады. Тағы бір айта кетерлігі, шарада Ұлттық ұланныӊ әскери бөлімдеріндегі Ийелдер кеӊесініӊ контактілері беріледі, осы нөмірлер арқылы ата-аналар алдағы уақытта ұлдарыныӊ қызметі қалай өтіп жатқанын өздерінен біле алады.
Мұнан бөлек, ата-аналарға әскери бөлімге экскурсия ұйымдастырылуда, яғни олар бөлім аумағын, сарбаздардыӊ жатын орнын, асханасын, медициналық лазаретін көріп, қару-жарақ және техникасын да тамашалайды.
Айта кетейік, бұл шара Қазақстан Қарулы Күштері арасында алғаш рет өткізілгелі отыр. Тамыз басында аталмыш эстафетаны әскерге Ақмола облысынан шақырылған сарбаздардыӊ ата-аналары жалғастырмақ. Жылдыӊ соӊына дейін осы тектес кездесулерді ҚР Ұлттық ұланыныӊ барлық әскери бөлімдерінде өткізу жоспарда бар.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны