21.10.2015, 10:31 4173

"Ұмытшақ" жолаушы

Бүгін, таӊғы 7 сағат 14 минутта Астана қаласындағы халықаралық әуежайда "Астана-Үрүмші" бағытында КС-287 рейсіне жолаушыларды отырғызу кезінде шекарашыларымыз Қазақстан азаматын ұстауға мәжбүр болды

Астана. 21 Қазан. Kazakhstan Today - Бүгін, таӊғы 7 сағат 14 минутта Астана қаласындағы халықаралық әуежайда "Астана-Үрүмші" бағытында КС-287 рейсіне жолаушыларды отырғызу кезінде шекарашыларымыз Қазақстан азаматын ұстауға мәжбүр болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Нақтырақ айтқанда, кедендік бақылаудан өткен отандасымыздыӊ қолсөмкесінен жариялауды "ұмытып" кеткен 25300 АҚШ доллары мен 79000 теӊгесі шыға келді.

Мемлекеттік шекара сызығыныӊ бойында қомақта соманы жариялауды "ұмытып" жүрген жолаушыға қатысты материалдарды шекарашылар Астана қаласыныӊ мемлекеттік кіріс департаментіне тапсырды.

ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны