23.01.2015, 11:40 3581

UNAIDS Қазақстанда ОА елдеріне арналған субөӊірлік кеӊсе ашуды жоспарлап отыр

ЮНЭЙДС Орталық Азия елдеріне арналған субөӊірлік кеӊсесін Қазақстанда ашуды жоспарлап отыр. Бұл туралы бүгін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму бірінші вице-министр С.Қайырбекова мен ЮНЭЙДС ұйымыныӊ Шығыс Еуропа және Орталық Азиядағы өӊірлік директоры Виней Салданамен кездесуінде талқыланды

Астана. 23 қаӊтар. Kazakhstan Today - ЮНЭЙДС Орталық Азия елдеріне арналған субөӊірлік кеӊсесін Қазақстанда ашуды жоспарлап отыр. Бұл туралы бүгін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму бірінші вице-министр С.Қайырбекова мен ЮНЭЙДС ұйымыныӊ Шығыс Еуропа және Орталық Азиядағы өӊірлік директоры Виней Салданамен кездесуінде талқыланды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі баспасөз қызметініӊ таратуынша, кездесуде АИТВ-ЖИТС ауруыныӊ таралуына қарсы күресте Орталық Азия өӊіріндегі жетекші ел ретіндегі Қазақстанныӊ рөлін нығайту және 2015 жылға жоспарланған ЮНЭЙДС Атқарушы директоры Мишель Седибеніӊ Қазақстанға сапары жайы талқыланды. Сапар шеӊберінде ЮНЭЙДС-тіӊ Орталық Азия елдеріне арналған субөӊірлік кеӊсесін Қазақстанда ашу мәселесі талқыланады. Тараптар сондай-ақ, Қазақстанныӊ әлемніӊ еӊ дамыған 30 елініӊ қатарына енуі жолында АИТВ-ЖИТС әсерін төмендету жайын әӊгімеледі, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

ЮНЭЙДС Хатшылығыныӊ Қазақстандағы Кеӊсесі 1996 жылы ашылды. Сол кезден бері халықаралық ұйым ел Үкіметімен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеп келеді. Атап айтқанда, АИТВ таралуына қарсы іс-шараларға көмектесу, АИТВ инфекциясыныӊ алдын алуда тиісті стратегиялар - ұлттық және салалық бағдарламалар әзірлеу, мамандардыӊ біліктілігін арттыру, инновациялық амалдар енгізу, АИТВ/ЖИТС-пен күрес саласында жұмыс істеп жатқан азаматтық қоғам ұйымдарын дамытуға қолдау көрсету және т.б. салаларда қызмет атқаруда.

Қазіргі уақытта БҰҰ-ныӊ ЖИТС саласындағы Қазақстандағы қызметі 2010-2015 жылдарға арналған Қазақстанды дамыту мақсатында көмек көрсету жөніндегі БҰҰ бағдарламасын және "Саламатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын басшылыққа алады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны