08.01.2015, 16:29 3843

Үндістан Қазақстан азаматтарына үнді ЖОО-да оқуға грант ұсынады

Үндістан үкіметі Қазақстан азаматтары үшін Үндістанныӊ жоғары оқу орындарында білім беретін 2015-2016 жылдарға арналған стипендия ұсынады, деп хабарлайды Мәдениет және спорт министрлігі.

Астана. 8 қаӊтар. Kazakhstan Today - Стипендия бакалавриат пен магистратура және PhD докторантура бағдарламалары мен әлеуметтік-гуманитарлық ғылым және орындаушылық шеберлік саласында ғылыми тәжірибеден өтуге ниетті талапкерлерге арналған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Ведомстваныӊ хабарлауынша, стипендияға үміткерлер білім алуға жеткілікті деӊгейде ағылшын тілін меӊгеруі керек. Сонымен қатар магистратура, PhD докторандурасы мен театр өнері және архитектура саласында тағылымдамадан өту үшін алдын ала зерттейтін дүниесі бойынша аннотация құрып, дайындықтыӊ жоспардағы бағыты бойынша зерттеу жұмыстарыныӊ болуы қажет, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны