29.04.2013, 15:32 3872

Үндістанда әскери нысандардың бірінде өрт болды

Искери нысан Орисса штатының Чандипур зымыран полигонында орналасқан. Мекеме жұмысшылары өрт кезінде далаға қашып шығыпты, қаза болғандар туралы ешқандай ақпарат жоқ.

Астана. 29-сәуір. Kazakhstan Today - Үндістанда әскери нысандардың бірінде өрт болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Үндістанның қорғаныс министрлігіне қарасты артиллериялық снарядтар сақталған нысанда өрт болды. Бұл туралы YTPO.ru шетелдік БАҚ-тарға сілтеме жасап хабарлайды.

Искери нысан Орисса штатының Чандипур зымыран полигонында орналасқан. Мекеме жұмысшылары өрт кезінде далаға қашып шығыпты, қаза болғандар туралы ешқандай ақпарат жоқ.

Оқиға орнына 13 өрт сөндіру көлігі жеткен. Қорғаныс зерттеулері мен әзірлемелері ұйымының мәліметтеріне қарағанда, қазір өрт сөндірілген, орын алған оқиға қатысты тексеру жұмыстары басталды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны