19.01.2017, 18:17 7774

Универсиадаға байланысты Алматыда бірқатар учаскелерде жеке көлік қозғалысына шектеулер қойылады

Алматыныӊ көлік жүйесі Универсиаданы өткізуге дайын. Универсиада шараларын өткізуге байланысты Алматыда бірқатар учаскелерде жеке көлік қозғалысына шектеулер қойылады. Ал қоғамдық көлік белгіленген кесте бойынша жүреді,- деп хабарлайды қала әкімініӊ баспасөз қызметі.

Алматы. 19 қаӊтар. Kazakhstan Today - Алматыныӊ көлік жүйесі Универсиаданы өткізуге дайын. Универсиада шараларын өткізуге байланысты Алматыда бірқатар учаскелерде жеке көлік қозғалысына шектеулер қойылады. Ал қоғамдық көлік белгіленген кесте бойынша жүреді,- деп хабарлайды қала әкімініӊ баспасөз қызметі.

Алау эстафетасы

Жексенбі күні, 29 қаӊтарда Алау эстафетасы мына бағыттар бойынша өтеді деп жоспарланған:

Ил-Фараби атындағы ҚҰМУ - Тимирязев көшесі - Манас көшесі - Абай даӊғылы - Сейфуллин даӊғылы - Гоголь көшесі - Сейфуллин даӊғылы - Төле би көшесі - Достық даӊғылы - Абай даӊғылы - Байтұрсынов көшесі - Сәтпаев көшесі - Достық даӊғылы - Республика алаӊы.

Бұл бағыттар бойынша көлік қозғалысы сағат 10.00 ден 14.00-ге дейін шектелетін болады.

Алау эстафетасы көшелердіӊ басым бөлігімен өтетіндіктен автобус бағыттары өзгермейді. Автобустар Алау эстафетасы өтетін бірқатар жерлерде тоқтатылады. Осылайша, жоғарыда аталған учаскелерде әр бағыт бойынша көліктер орташа 5-10 минут қана кідіреді.

Ашылу және жабылу салтанаттары

Универсиада ашылатын 29 қаӊтар мен ойындар аяқталатын 8 ақпан күндері "Алматы Арена" стадионына көрермендер мен қонақтарды жеткізуге ерекше мән беріледі. Арнайы бағыттар бойынша біржақты жолақысы 100 теӊгені құрайды:

1. Орталық Стадион - "Алматы Арена"

2. Астана алаӊы (ҚБТУ) - "Алматы Арена"

Жарыс күндерінде

Жарыстар өтетін күндері көрермендерді спорт нысандарына тасымалдау үш нүкте арқылы атқарылады:

- Орталық Стадион;

- "Саяхат" автобекеті;

- Алматы-1 теміржол вокзалы.

Бағыт Бастапқы нүкте Соӊғы нүкте Жолақы құны

У1 Орталық стадион "Сұӊқар" халықаралық трамплин кешені 100 теӊге

У2 "Табаған" спорт кешені 150 теӊге

У3 "Медеу" спорт кешені 100 теӊге

У4 "Халық арена" мұз айдыны 100 теӊге

У5 "Алатау" шаӊғы - биатлон кешені (Искери шатқалы) 200 теӊге

У6 "Алматы арена" мұз сарайы 100 теӊге

У7 Саяхат автобекеті

"Сұӊқар" халықаралық трамплин кешені 100 теӊге

У8 "Алматы арена" мұз сарайы 100 теӊге

У9 "Алатау" шаӊғы- биатлон кешені (Искери шатқалы) 200 теӊге

У10 "Халық арена" мұз сарайы 100 теӊге

У11 "Медеу" спорт кешені 100 теӊге

У12 "Табаған" спорт кешені 150 теӊге

У13 Алматы 1теміржол вокзалы "Табаған" спорт кешені 150 теӊге

У14 "Медеу" спорт кешені 100 теӊге

У15 "Халык Арена" мұз сарайы 100 теӊге

У16 "Алатау" шаӊғы- биатлон кешені (Искери шатқалы) 200 теӊге

У17 "Алматы арена" мұз сарайы 100 теӊге

У18 "Сұӊқар" халықаралық трамплин кешені 100 теӊге

Бұлардан өзге, көрермендерді жарыстар өтетін жерлерге бұрынан қатынап жүрген 555 автобус жеткізетін болады:

1.Орталық Стадионға дейін - 17 бағыт, 282 автобус;

2. Шаӊғы трамплині кешеніне дейін - 3 бағыт, 88 автобус;

3. "Алматы Аренаға" дейін - 4 бағыт, 55 автобус;

4."Халық Аренаға дейін" - 5 бағыт, 112 автобус;

5."Медеу" мұз айдынына дейін - 2 бағыт, 18 автобус;

Қажет болғанда бағыттар күшейтіледі.

Универсиада дирекциясы атып өткендей, ойындарға қатысушыларға (спортшылар, төрешілер, техникалық делегаттар және басқалары) 519 көлік бірлігі қызмет көрсетеді.

"Біз негізгі және альтернативті бағыттарды жасадық, қозғалыс хронометражы есептелді, полиция көлігініӊ еріп жүруі жоспарланған. Басты мақсат - қалалықтардыӊ күнделікті өміріне еш кедергі келтірмей,Унивесриаданыӊ тиімді және жайлы логистикасын қамтамасыз ету".

Қала тұрғындары мен қонақтарыныӊ назарына, кімде-кім Универсиада өтіп жатқан кезде жеке көлігін пайдаланғысы келсе, онда FISU-діӊ талаптарына және дүниежүзілік практикаға сай түрлі шаралар өтіп жатқан жердіӊ айналасында 500 метрлік қауіпсіздік аймағыныӊ барын есте сақтаулары тиіс. Сондықтан, жеке көлік иелері сауық-сауда кешендері маӊындағы тұрақтарға көліктерін қалдырып, әрі қарай қоғамдық көлікпен спорт нысандарына бара алады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны