07.08.2006, 19:26 3220

Үрімжіде Алматының мәдениет күндері өтеді

АЛМАТЫ. 7-тамыз. Kazakhstan Today. 21-26-тамыз аралығында Қазақстанның мәдениет қайраткерлерінен құралған өкілдер "Алматының Үрімжідегі мәдениет күндері" атты фестиваль аясында ҚХР-ның Шыңжан-Ұйғыр автономиялық аймағының астанасы Үрімжі қаласына барады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі қалалық мәдениет департаментінің өкілдерінне сілтеме жасап.

"Біз ауқымды мәдени бағдарлама дайындадық. Ондағы басты мақсат - шетелдік көрерменді Қазақстандағы бірегей әрі әр алуан шығармашылықпен таныстыру. Үрімжіге баратындардың арасында танымал қазақстандық жеке орындаушылар, опера әншілері, фольклорлық-этнографиялық ансамбльдер бар",- дейді департамент өкілі.

Атап айтсақ, Роза Рымбаева, Илібек Дінішев пен "Ұлытау" тобы бар.

Сонымен бірге фестиваль аясында жаңа қазақстандық фильмдердің көрсетілімі өтіп, кино және театр қайраткерлерімен кездесулер ұйымдастырылады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны