10.07.2009, 09:44 1527

Үрімжідегі тәртіпсіздіктерден Қазақстанның бір азаматы зардап шекті - ҚР СІМ

Үрімжідегі тәртіпсіздіктерден Қазақстанның бір азаматы зардап шекті - ҚР СІМ

Астана. 10 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Үрімжідегі тәртіпсіздіктерден Қазақстанның бір азаматы зардап шекті. Бұл туралы кеше ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ілияс Омаров мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

"Нақтыланған мәліметке сәйкес, Қазақстанның азаматы қақтығыстардың қызу ортасында қалып, басынан жарақаттанған. Ол тірі және ақыл-есінде, бірақ, оның жай-күйі - бірқалыпты ауыр деп бағалануда. Оны тасымалдауға келмейді",- деді І.Омаров.

Оның мәліметінше, 2009 жылғы шілденің 6 - 8-і аралығында Шыңжаңнан 1200-ден астам адам елге оралды. Олардың ішінде тек өткен тәулік ішінде 744 ҚР азаматы, соның ішінде мына бақылау-өткізу бекеттері арқылы: Қорғас - 378, Майқапшағай - 64, Бақты - 82, Дружба - 43, Алматы қаласының әуежайы - 112, Астана қаласының әуежайы арқылы - 65 адам келді.

Бүгін "Үрімжі-Астана" бағыты бойынша теміржол көлігімен 260 адамның, әуе көлігімен - 130, жер үсті көлігімен 120 Қазақстан азаматтарының оралуы жоспарланған.

Осыған байланысты қытайлық тараппен дипломатиялық арналар және ҚР Шекара қызметімен уағдаластық бойынша "Қорғас" бақылау-өткізу бекетін тәулік бойы жұмыс істеу тәртібіне көшіру туралы мәселе қаралуда, деді баспасөз хатшысы.

Сонымен қатар, қолда бар ақпараттар бойынша ҚР жекелеген азаматтары коммерциялық қызметтеріне байланысты Шыңжанда қала бермек ниетте.

І.Омаровтың айтуынша, "шұғыл телефон желісімен кешеге дейін келіп түскен ақпаратқа сәйкес онда 400 азамат болса, кешегі күні 122 азамат туралы ақпарат түсті. Демек, ол жақта еліміздің 500-ге жуық азаматы жүр".

ҚР азаматтарының оралуы бойынша іс-шаралар және Шыңжан-ұйғыр автономиялық аймағында болу кезіндегі олардың қауіпсіздігі ҚР Сыртқы істер министрлігінің айрықша бақылауына алынып отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны