09.07.2009, 16:57 2830

Үрімжідегі жаппай тәртіпсіздіктерге қатысушыларға қатаң жаза жүктеледі - қалалық партия комитетінің хатшысы

Үрімжідегі жаппай тәртіпсіздіктерге қатысушыларға қатаң жаза жүктеледі - қалалық партия комитетінің хатшысы

Алматы. 9 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Шыңжан-ұйғыр автономиялық аймағының Үрімжі қаласында 5 шілдеде болған жаппай тәртіпсіздіктерге қатысушыларға қатаң жаза жүктеледі. Бұл туралы Үрімжі қалалық партия комитетінің хатшысы Ли Чжи мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі "Синьхуа " ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

Оның айтуынша, Үрімжіде болған оқиға ұлттық немесе діни араздықтар қатарына жатпайды, "Қытайдың өз ішінде және одан тысқары жерлерде жұмыс істейтін күштердің мұқият жоспарлаған зорлық-зомбылыққа негізделген лаңкестік әрекеті болып табылады".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны