21.09.2015, 18:34 7572

Ұсақ ұрлық қылмысы

Орал қ. ІІБ Шаған Пб қызметкерлері Жәӊгірхан көшесініӊ бойындағы "Лидер" дүкенінде орын алған қылмыс бетін ашты

Астана. 21 қыркүйек. Kazakhstan Today - Орал қ. ІІБ Шаған Пб қызметкерлері Жәӊгірхан көшесініӊ бойындағы "Лидер" дүкенінде орын алған қылмыс бетін ашты, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

18 қыркүйек күні белгісіз біреу "Лидер" супермаркетіне кіріп, еркін түрде 0,5 литр бөтелкедегі "Московия" арағын алып жүре берген. Қолданылған шаралар барысында "оқиға ізін суытпай" И. Есімді азамат ұсталды. Ұрланған зат тәркіленді. Қазақстан Республикасы ҚК-ніӊ 187-бабы 1-бөліміне сәйкес (ұсақ ұрлық) ешқайда шықпау туралы қолхат алынды.

Сондай-ақ, осыған ұқсас жағдай "Сити центр" сауда орталығындағы киім сататын бутиктердіӊ бірінде белгісіз біреу сауда жасау үшін кіріп, қасақана түрде 5 дана шалбарды салып алған. Орал қ. ІІБ қызметкерлерініӊ жүргізген жедел тексеру жұмыстары нәтижесінде 1994 жылғы азамат анықталды. Шығын 26 мыӊ теӊгені құрап отыр. Ұрланған заттар тәркіленді. ҚР ҚК-ніӊ 188-бабы 1-бөлімі бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

БҚО ІІД баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны