03.05.2011, 13:45 3698

Усама бен Ладеннің көзі жойылды

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, "Ил-Кайеда" лаңкестік желісінің жетекшісі, "№1 лаңкес" Усама бен Ладен американдық арнайы қызметтердің Пәкістанда жүргізген операциясы барысында өлтірілді.

Астана. 3 - мамыр. Kazakhstan Today - Усама бен Ладеннің көзі жойылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, "Ил-Кайеда" лаңкестік желісінің жетекшісі, "№1 лаңкес" Усама бен Ладен американдық арнайы қызметтердің Пәкістанда жүргізген операциясы барысында өлтірілді.

Бұл жаңалықты дүйсенбі күні жасаған шұғыл телеүндеуінде АҚШ Президенті Барак Обама жария етті, деп хабарлайды РБК агенттігі.

Операция Исламадтың іргесінде болған. У.бен Ладен басына тиген оқтан қаза болған. Оны тек сыртқы келбеті бойынша анықтап отыр. Қазір ДНК тесті жүргізіліп жатыр, зерттеудің нәтижесі бірнеше күннен кейін дайын болады. Бұл туралы американдық барлаудың жоғары лауазымды өкілдерінің бірі анонимді түрде хабарлаған. Бұған дейін, лаңкестік тұлғасы ДНК тестімен қуатталды деген ақпарат таратылған болатын.

"Дегенмен, американдық телеарналар "Ил-Кайеда" басшысы ислам әдет-ғұрпына сәйкес жерленгенін хабарлап отыр. Оның көзі жойылғаннан кейін, денесі Ауғанстанға жеткізіліп, сол жерде жерленген", - деп хабарлайды Reuters агенттігі.

Басқа деректер бойынша, лаңкес Сауд Арабстанында жерленген. Бен Ладеннің жерленген жеріне қатысты нақты ақпарат әзірге жоқ. Бұған дейін Б.Обама лаңкестің денесі американ өкіметінің қолында екенін ғана хабарлаған болатын.

Сарапшылар, оның нақты жерленген жерінің жариялану ықтималдығына күмән келтіруде, себебі арнайы қызметтер, оның зираты ислам радикалшылары мінәжат ететін орынға айналғанын қаламайтыны анық.

"№1 лаңкес" 1957 жылы туған. Жидда университетінің экономика және менеджмен факультетін тәмамдаған. 1980 жылдары Ауғанстанда Кеңес армиясына қарсы соғысқан оған бұл күресте ЦРУ ақшалай қолдау көрсеткен. 1996 жылы ол Құрама Штаттарды жермен жексен ету туралы шешімін жария еткен еді. Оған 11 қыркүйектегі Нью-Йорк пен Вашингтондағы лаңкестік әрекеттерді, Сауд Арабстаны, Йемен, Ауғанстан, Ирак, Мысыр, Кения, Танзания елдерінде американ азаматтарына қарсы шабуылдар ұйымдастырды деген айыптар тағылып отыр. Түрлі деректер бойынша, бен Ладен Шешенстандағы, Косоводағы, Ирактағы, Ауғанстан мен Филиппиндегі, басқа да елдердегі содырларға көмек көрсетіп келген.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны