19.08.2016, 19:51 4522

Үш тілде сабақ беретін мұғалімдерді ынталандыру жүйесі болады - Д.Назарбаева

"Қазір кеӊестер кезінде туған азаматтар жаӊалықтан қорқып, өткен-кеткенге толы рюкзакты тастай алмай жүр. Ал бірнеше аптадан кейін жаӊа рюкзакпен мектепке барып, партаға отыратын балақайлар 11 жылдан кейін орысшадан қазақшаға, қазақшадан ағылшынға еркін ауыса алатын білімді, ашық әрі ақылды болып шығады".

Алматы.19 тамыз. Kazakhstan Today - "Караван" газетіне сұхбат берген Үкімет басшысыныӊ орынбасары Дариға Назарбаева үш тілді білім беру жүйесініӊ негізгі идеясын жеткізіп, соныӊ аясында қандай өзгерістердіӊ болатынын айтып берді. Оныӊ айтуынша, болашақта үш тілде сабақ беретін мұғалімдерді ынталандыру жүйесі енгізіледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today Baq.kz тілшісіне с?лтеме жасап.
"Басты міндет - 2017 жылы барлық оқушыларға ортақ қазақ тілін жылдам әрі сапалы түрде меӊгерудіӊ әдістемесін әзірлеп енгізу. Қазіқ тілде білім беруге көп уақыт бөлінеді. Алайда орыс тілін де шеттетуге болмайды. Біріншіден, ол - дұрыс емес. Билингвизм - бұл қазақ халқыныӊ басты еркешелігі. Соны сақтап, пайдалан білу керек. Екіншіден, солтүстік көршімізбен тығыз саяси-экономикалық байланыстар бар. Қазақстанныӊ тауар өндірушілері үшін ол тиімді әріптес әрі тауар мен қызметтердіӊ тұтынушысы. Үшіншіден, ірі елді мекендер, облыс орталықтары мен елорданыӊ тілдік ортасында орыс тілініӊ үлесі басым", - дейді Д.Назарбаева.
Оныӊ айтуынша, қазақстандықтар екі тілді бірдей меӊгерсе, халықтыӊ бірлік-ынтымағы күшейе түседі. Себебі барлығы бір-бірін жақсы түсіне бастайды.
"Қазір кеӊестер кезінде туған азаматтар жаӊалықтан қорқып, өткен-кеткенге толы рюкзакты тастай алмай жүр. Ал бірнеше аптадан кейін жаӊа рюкзакпен мектепке барып, партаға отыратын балақайлар 11 жылдан кейін орысшадан қазақшаға, қазақшадан ағылшынға еркін ауыса алатын білімді, ашық әрі ақылды болып шығады. Бұл - заман талабы. Оны қазір орындауға кіріспесек, тағы жүз жыл жүреміз. Біз оныӊ ұзақмерзімді процесс екенін жақсы түсінеміз. Дегенмен, оны бастау қажет. Біз алғашқы қиын әрі маӊызды қадам жасап отырмыз. Бүгінде комплекстен құтылу қажет. Халыққа, оқытушыларға, балаларға сену керек. Олар біздіӊ бояуы сіӊген стереотиптеріміз, қорқыныш-үрей мен комплекстеріміздіӊ құрбанынан айналмауы тиіс. Керісінше, оларға білім арқылы барлық жолдарды ашуымыз қажет. Ал білімге жетудіӊ бірден-бір жолы ол - тіл", - деп атап көрсетті Д.Назарбаева.
Жаӊалықтан қорқатын адамдар туралы айта келе, ол күні кеше ғана күнделікті өмірге сіӊіп кеткен ғаламтор, ұялы телефон, электронды гаджеттер, "Гугл" мен әлеуметтік желілерді мысалға келтірді. Бүгінде бәріміз соған әбден үйреніп қалдық.
"Бізде уақыт жетеді. Физика, химия, информатика, биологияны ағылшын тілінде оқыту жұмысы 2019 жылы 10-11 сыныптарда басталады. Алайда қазірдіӊ өзінде осыны биылдан бастап оқу процессіне енгізуге ниет білдіріп жатқан мектептер бар. Ал оқытушылардыӊ дайындығына келер болсақ, бүгінде бес мыӊға жуық мұғалім арнайы тіл курстарынан өтіп жатыр. Мерзімі - 4-9 ай. Осы кезде олардыӊ жұмыс орны мен еӊбекақысы сақталады. Білім және ғылым министрлігі өз кезегінде үш тілде сабақ бере алатын мұғалімдерді ынтыландыру әдістемесін әзірлеп жатыр. Бұдан бөлек, мектептерге қаржылық-шаруашылық дербестігін беру мәселесі қаралуда. Осыныӊ арқасында олар бюджеттен тыс қаржыны тартып, ақылы қызметтерді ұсына алады. Мектеп өздігімен үш жылдық даму жоспарын даярлайды. Бүгінде министрлікке "мінсіз мектеп" моделін қалыптасыру міндеті жүктелді. Соған қарап, біз діттеген мақсаттарға жететін боламыз", - дейді Дариға Нұрсұлтанқызы.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны