16.04.2007, 16:12 3230

Ұшақ бортындағы жарылғыш зат туралы жалған хабар берген Батыс Қазақстан облысының тұрғыны құрықталды

АСТАНА. 16 - сәуір. Kazakhstan Today. Ұшақ бортындағы жарылғыш зат туралы жалған хабар берген Батыс Қазақстан облысының тұрғыны құрықталып, оның үстінен қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатында Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің ақпарат және қоғамдық байланыс орталығының бастығы Бағдат Қожахметов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Тоғызыншы сәуірде Батыс Қазақстан облысының Ішкі істер департаментінің Теректі АІІБ кезекші бөлімшесіне белгісіз біреу қоңырау шалып, Оралдан 17 сағатта ұшатын ұшақ бортында екі қылмыскер бар екендігі, оларда жарылғыш заттардың бар екендігін хабарлаған. Тексеру шаралары барысында жарылғыш зат табылған жоқ",- деді Бағдат Қожахметов.

Оның айтуынша, сол күні "Батыс Қазақстан облысының Долинное ауылының 1968 жылы туған, ешқайда жұмыс істемейтін және де жарылғыш зат туралы жалған хабар берген тұрғыны құрықталған". "Оның үстінен қылмыстық іс қозғалды, қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүргізілуде",- деп қосты Бағдат Қожахметов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны