24.01.2012, 12:33 3342

Үшарал - Достық тасжолындағы көлік қозғалысы қайта жанданды

23-қаңтар күні кешке таман 20-қаңтардан бері боран мен жолдың нашар көрінуі салдарынан жабық болған "Үшарал - Достық" автожолында (0-184 км) көлік қатынасы қайта жанданды.

Астана. 24-қаңтар. Kazakhstan Today - Үшарал - Достық тасжолындағы көлік қозғалысы қайта жанданды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 23-қаңтар күні кешке таман 20-қаңтардан бері боран мен жолдың нашар көрінуі салдарынан жабық болған "Үшарал - Достық" автожолында (0-184 км) көлік қатынасы қайта жанданды.

Қазіргі уақытта республика аумағындағы автожолдарда көлік қатынасына шектеу жоқ.

Автомобиль жолдарында келеңсіз жағдайлардың алдын алу үшін ауа-райы жақсарғанша жол жүруден бас тартып, Қазақстанның гидрометеорологиялық қызметінің хабарламаларына назар салған жөн.

ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің "Қазақавтожол" РМК-да автомобиль жолдарының жабылған учаскелері жөнінде халықты хабардар ету үшін тәулік бойы диспетчерлік қызмет жұмыс істейді, байланыс телефоны (7172) 44-46-85. Сонымен қатар, жолдар жөніндегі шұғыл ақпарат www.mtk.gov.kz, www.kad.gov.kz, www.kazavtodor.kz сайттарында жарияланады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны