29.03.2012, 12:51 3713

Ұшқышқа қылмыстық айып тағылды

Нью-Йорктан Лас-Вегасқа ұшып келе жатқан ұшақтың шұғыл қонуына себепкер болған ұшқышқа әуе кеме жұмысына кедергі келтіргені үшін айып тағылды, деп хабарлайды Хабар агенттігі.

Астана. 29-наурыз. Kazakhstan Today - Ұшқышқа қылмыстық айып тағылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Нью-Йорктан Лас-Вегасқа ұшып келе жатқан ұшақтың шұғыл қонуына себепкер болған ұшқышқа әуе кеме жұмысына кедергі келтіргені үшін айып тағылды, деп хабарлайды Хабар агенттігі.

Егер оны кінәсі дәлелденсе, оған 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасы шығарылуы мүмкін. Қазіргі кезде есі ауысқан ұшқыш ауруханада жатыр.

Естеріңізге сала кетсек, ұшақ капитаны Лас-Вегасқа бармаймыз, ұшақ ішінде бомба бар екенін айта бастаған. Өзге ұшқыштар оны ұшақты басқару құралдарына жолатпай, қулықпен бөлмеден шығарып жіберіпті. Осыдан кейін ол жолаушыларға келіп, "бізді атып түсіреді, маған арнаулы кодты беріңдер" деп айғайға басқан. Ұшақ Техастағы Амарилло қаласының әуежайына қонып, алдын ала шақырылған медициналық жәрдем тобы бас ұшқышты алып кетті. Жолаушылар арасында болған бір ұшқыш ұшақты жерге қондыруға көмектесіпті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны