20.08.2012, 10:20 3232

Үстіміздегі жылы автокөлік құралдарын тіркейтін 4 орталық ашылады

ҚР ККМ ақпарына қарағанда, аталған Орталықтар Астана, Ақтау, Алматы, Қарағанды қалаларында ашылады. Қалған облыстарда осындай мамандандырылған мекемелердің ашылуы 2013 жылы жүзеге асырылмақшы.

Астана. 20-тамыз. Kazakhstan Today - Үстіміздегі жылы автокөлік құралдарын тіркейтін 4 орталық ашылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР ККМ ақпарына қарағанда, аталған Орталықтар Астана, Ақтау, Алматы, Қарағанды қалаларында ашылады. Қалған облыстарда осындай мамандандырылған мекемелердің ашылуы 2013 жылы жүзеге асырылмақшы.

Қазіргі кезде жаңадан құрылып жатқан Орталықтардың жұмыс принциптері мен аталған салада қызмет көрсетудің бизнес-үрдісі анықталған. Бүгінде барлық мүдделі мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесін біріктіру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Естеріңізге сала кетейік, "Илеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты" атты Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет басшысы автокөлік құралдарын тіркеу мен жүргізуші куәліктерін беру жұмыстарын ХҚКО құзырына беруді тапсырған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны