24.02.2011, 15:47 7017

Үстіміздегі жылы Қазақстандағы мұғалімдердің жалақысы 64 мың теңгеге дейін жетеді

Үстіміздегі жылы Қазақстандағы мұғалімдердің жалақысы 64 мың теңгеге дейін жетеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматы. 24 - ақпан. Kazakhstan Today - Үстіміздегі жылы Қазақстандағы мұғалімдердің жалақысы 64 мың теңгеге дейін жетеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Мектептердегі жоғары санаттағы мұғалімдердің жалақысы 1-қыркүйекте 64 мың теңгедей болады",- деп хабарлады білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов он-лайн конференциясы барысында.

Естеріңізге сала кетсек, үстіміздегі жылдың шілде айының 1-нен бастап бюджеттік саладағы мектеп мұғалімдерінің жалақылары 30 пайызға өседі.

Б. Жұмағұлов сондай-ақ "бұл елбасының жолдауында айтылғандығын" атап өтті.

"Ал мен бүгін біздің мұғалімдерімізге қуанышты жаңалық айтқым келіп отыр. Кеше үкіметте өткен бюджеттік комиссия отырысында бізге 1-қыркүйектен бастап қосымша 5 млрд теңгені бекітті",- деп хабарлады министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны