20.01.2015, 10:35 4692

Ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылды

"Айқайдан оянып кеткен әпкесініӊ көӊілдесі оны сабырға шақырғанда, Бошанов оны соққыға жығып, үстел үстіндегі ас пышағын алып, кеуде тұсынан соққы келтірген. Алған дене жарақатыныӊ салдарынан жәбірленуші сол жерде қайтыс болған. "

Орал. 20 қаӊтар. Kazakhstan Today - БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 19 қаӊтарда ҚР ҚК 96 бабы 1 бөлігімен сотқа берілген Е.Бошановқа қатысты қылмыстық ісі бойынша үкім жариялады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Іс материалдарынан анықталғандай, әпкесіне қонаққа келген Бошанов әпкесімен және оныӊ көӊілдесімен спирттік ішімдік ішу кезінде ер адамдар арасында сөзге келіспеушілік туындаған. Кейін Бошанов кафеге кетіп қалып, кері қайтып келіп, ұялы телефон арқылы достарымен айқайлап сөйлесіп, балағат сөздер айтқан. Айқайдан оянып кеткен әпкесініӊ көӊілдесі оны сабырға шақырғанда, Бошанов оны соққыға жығып, үстел үстіндегі ас пышағын алып, кеуде тұсынан соққы келтірген. Алған дене жарақатыныӊ салдарынан жәбірленуші сол жерде қайтыс болған.

Соттыӊ үкімімен Бошанов Ерлан ҚР ҚК-ніӊ 96 бабы 1 бөлігімен айыпты деп танылып, 12 жылға бас бостандығынан айыру жазасын түзеу мекемесініӊ ерекше режимінде өтеуге тағайындалда.

Қайнар: Батыс Қазақстан облыстық сотыныӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны