16.10.2017, 13:16 4968

"Үздік педагог-2017" республикалық байқауында Ақмола облысынан 4 педагог жеӊімпаз атанды

Бұл өӊір үшін үлкен жетістік. Өӊір қатысушылары байқау өткізіле бастағаннан бері мұндай табысқа жетікен емес. Былтыр мұндай құрметті атаққа облыстан екі педагог ие болған.

Көкшетау. 16 қазан. Kazakhstan Today - "Үздік педагог-2017" республикалық байқауыныӊ жеӊімпаздары 1000 АЕК мөлшеріндегі ақшалай марапатқа ие болды.

Көкшетау қаласында "Үздік педагог-2017" республикалық байқауыныӊ жеӊімпаздарын құттықтау іс-шарасы өтті.

Байқауға Ақмола облысынан қатысқан 4 педагог "Үздік педагог-2017" республикалық байқауыныӊ жеӊімпаздары атанды.

""Үздік педагог-2017" республикалық байқауыныӊ жеӊімпаздары 1000 АЕК мөлшеріндегі ақшалай марапатқа ие болды. Бұл мәртебелі атақ иегерлері енді бұл байқауға 5 жылдан кейін қатыса алады,- деп хабарлайды Ақмола облысы ішкі саясат басқармасыныӊ Өӊірлік коммуникациялар қызметі.

Өӊірлік коммуникациялар қызметініӊ мәліметінше, 2017 жылы Ақмола облысыныӊ қалалары мен аудандарынан байқауға 6 ұстаз қатысқан. Олардыӊ арасынан 4 ұстаз іріктеу сатыларынан сәтті өтіп, "Үздік педагог-2017" республикалық байқауыныӊ жеӊімпаздары атанды. Бұл өӊір үшін үлкен жетістік. Өӊір қатысушылары байқау өткізіле бастағаннан бері мұндай табысқа жетікен емес. Былтыр мұндай құрметті атаққа облыстан екі педагог ие болған.

"Үздік педагог-2017" республикалық байқауына Ақмола облысынан қатысқан Көкшетау қаласындағы №17 орта мектептіӊ химия және биология пәнініӊ мұғалімі Серік Қошанов, Степногорск қаласындағы Абай Құнанбаев атындағы мектеп-гимназияныӊ биология пәнініӊ мұғалімі Александр Кинцель, Көкшетау қаласындағы №11 "Арай" балабақшасыныӊ музыкалық жетекшісі Исел Қалиева, Щучинск қаласындағы жоғары колледждіӊ арнаулы пәндер мұғалімі Антон Лазорский "Үздік педагог-2017" құрметті атағына ие болды.

Республикалық деӊгейдегі байқау педагогтардыӊ тікелей қатысуынсыз "сырттай" өткізілді. Ұтсаздар өз портфолиосын жолдады. Оған өз оқушыларыныӊ түрлі байқаулар мен олимпиадаларға қатысуы мен жеӊіске жету деректерін растайтын қолда бар барлық сертификаттары мен дипломдары, ғылыми монографиялары мен БАҚ беттерінде жарияланған материалдары, жалпы алғанда, ұстаздардыӊ ғылыми және шығармашылық жұмыстарын паш ететін дүниелер қамтылды.

Қашан да жаны ізгілікке құмар, ізденімпаз мұғалімдердіӊ бірі - Көкшетау қаласындағы №11 "Арай" балабақшасыныӊ музыкалық жетекшісі ?сел Қалиева мектепке дейінгі мекемелер арасында өткен облыстық "Үздік педагог - 2017" конкурсында бас жүлдені жеӊіп алып, республикалық байқауға қатысқан болатын.

Осы орайда 1 АЕК = 2269 теӊге екенін айта кетейік.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны