22.10.2007, 16:46 2622

Изербайжан парламенті Транскаспий құбыр желісі жобасының техникалық- экономикалық негіздемесін жасауға грант бөлу туралы келісімді ратификациялады

Изербайжан парламенті Транскаспий құбыр желісі жобасының техникалық- экономикалық негіздемесін жасауға грант бөлу туралы келісімді ратификациялады.

Баку. 22-қазан. "Қазақстан Бүгін" - 1,7 млн АҚШ доллары көлеміндегі Транскаспий құбыр желісі жобасының техникалық- экономикалық негіздемесін жасауға грант бөлу туралы келісім 19-қазан күні өткен Изербайжанның милли меджлисінің (парламенті) отырысында ратификацияланды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

16-тамызда Баку қаласында грант белгілеу туралы келісімге қол қойылған. Грант қаражаты көмірсутегіні Орта Азиядан Изербайжан арқылы Еуропаға тасымалдау үшін Транскаспий газ құбырын және мұнай құбырын салудың техникалық және қаржылық мәселелерін бағалауға жұмсалатын болады.

Алғашқы құбыр желісі Баку - Тбилиси - Жейхан құбыр желісі арқылы Қазақстан мұнайын әлем нарығына тасымалдауға арналған. Ал, екіншісі Қазақстаннан және аймақтың басқа да елдерінен табиғи газды Еуропаға тасымалдауға арналған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны