07.05.2007, 18:15 3306

Изербайжандық экологтардың пайымдауынша, итбалықтар Каспийдің қазақстандық секторының ластануынан қырылуда

Изербайжандық экологтардың пайымдауынша, итбалықтар Каспийдің қазақстандық секторының ластануынан қырылуда

БАКУ - АҚТАУ . 7 - мамыр. Kazakhstan Today. Изербайжандық экологтардың пайымдауынша, итбалықтардың қырылуы Каспий теңізінің қазақстандық аумағының ластануынан болып отыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Изербайжанның экология және табиғат ресурстары министрі Гусейн Багировтың журналистерге хабарлауынша, оның басқаруыныдағы мекеме Каспийдің әзербайжандық секторына үнемі мониторинг жүргізіп тұрады және де осы күнге дейін бір де бір итбалықтардың қырылу дерегі анықталмаған. "Сондықтан да, олардың қырылуы Каспийдің қазақстандық секторының ластануына байланысты, деп ойлаймыз, бірақ індеттің де болуын жоққа шығармаймыз. Егер біздің жағалауда да өлі итбалықтар табылған жағдайда індеттің болуы туралы нақты айтуға болады",- деді Г. Багиров.

Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Ысқақов бір ай бұрын, егер Каспийдегі итбалықтардың қырылуына мұнай өндіруші компаниялар кінәлі болса, олар тиісті жазаларын алады, деп уәде берген болатын. "Мұндай жағдайда шығынның орнын толтыратын айыппұлы салынады және бұрғылау жұмыстары тоқтатылады",- деп мәлім еткен Н. Ысқақов.

Сол кезде министр кімнің кінәлі екендігін айту әлі ерте деген болатын. "Меніңше (итбалықтардың жаппай қырылуының себебін және де бұған кімнің кінәлі екендігін анықтау үшін) тағы екі аптадай уақыт қажет",- деген ол.

Қазақстанның табиғатты қорғау мекемесі басшысының айтуынша, Қазақстанның аймақтық суында "бірнеше қауіптер бар - олар өздігінен мұнай ағып жатқан ұңғымалар, жер қыртысының тектоникалық опырылуынан жер бетіне газдың шығуы және де барлау бұрғылаулар".

Қазақстанның зерттеушілері осы уақытқа дейін итбалықтардың қырылуының нақты себебін айтпай отыр. Өткен жұмада Маңғыстау облысының төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Қажымұрат Хайрушев әзірге үш институттың ресми қорытындысы бар екендігін хабарлаған болатын. Білім және ғылым министрлігінің биологиялық қауіпсіздік проблемаларын ғылыми-зерттеу институтының жүргізген зерттеулері жануарлардың өлігінен етқоректілердің оба қоздырғышын тапқан. Ауылшаруашылық министрлігінің референция, мониторинг, мал дәргерлік әдістемесі мен зертхана диагностикасы ғылыми орталығының жүргізген зерттеулерінің нәтижесінде өлген жануарлардан пастереллез анықтаған.

Қ. Хайрушев итбалықтардың қырылуына теңізде жүргізіліп жатқан мұнай операцияларының себеп болуы туралы болжамды жоққа шығарды. Сонымен қатар, оның пайымдауынша, кез-келген ауру, соның ішінде пастереллез бен оба өздігінен туындамайды. "Мұнымен тиісті институттар айналысады. Себебі кез-келген ауру өзінен - өзі пайда болмайды. Тиісті факторлар болуы керек",- деп қосты ол зерттеудің аяқталмағандығын еске сала отырып.

Үстіміздегі жылы өлі итбалықтар наурыздан бастап Қаламқас және Қаражанбас кеніштерінің арасынан, "Қаламқас" су бөгенінің аумағынан табылуда. Бүгінгі күнге дейінгі өлі итбалықтардың саны 885 жеткен, олардың көбісі - төлдері.

Каспий итбалықтары мұздың үстінде төлдеп, онда күшіктерін қоректендіреді.

Каспийдегі итбалықтардың жаппай індетке ұшырауы күннен күнге жиілей түсуде. Өткен жүз жылдықтың екінші жартысында мұндай сегіз жағдай ресми түрде тіркелсе, осы ғасырдың бірінші онжылдығында небәрі үш оқиға тіркелген. Тек 2000 жылы Каспийде 30 мыңға жуық итбалығы қырылған, тек Қазақстан жағалауында 10 мыңнан астам өлі итбалық табылған. Осы жануарлардың өлі денелерін жел Каспийдің солтүстігінен оңтүсті акваториясына ағызып әкелген. Ол кезде итбалықтардың қырылу себебін хроникалық токсикоз деп атаған болатын: жануарлардың өлі денелерінен шикі мұнайдың ыдырау өнімдерін, отын мен флот мазутын, сондай-ақ, пестицидтерді тапқан, бұл итбалықтардың иммунитетінің кенет төмендеуіне және де олардың жұқпалы ауруға шалдығуына әкеп соқтырған. Соңғы жаппай індетке ұшырауы кезінде, 2006 жылдың көктемінде, 337 итбалық, сонымен қатар 2 мыңнан астам бекіре тұқымдас балықтар қырылған болатын. Сонымен қатар, 2001 жылы Маңғыстау облысы мен Түркіменстан жағалауының арасындағы акваторияда 250 мың тонна майшабақ қырылған болатын - бұл Каспий жағалауындағы барлық мемлекеттерге берілетін майшабақ аулаудың жылдық квотасы және де Каспий теңізіндегі барлық майшабақ қорының 40 пайызы. Өлген майшабақтардан ауыр металлдар мен мұнай өнімдері табылған.

ХХ ғасырдың басында каспий итбалықтарының популяциясы 1 млн-ға жуық болатын. 1989 жылы жүргізілген аэрофототсъемка жануарлардың саны 400 мыңға дейін қысқарғандығын көрсеткен. 2005 - 2006 жылдары жүргізілген соңғы аэрофототсъемка Каспий теңізінде небәрі 111 мыңға жуық қана итбалықтадың бар екендігін көрсеткен.

Мамандардың пікірінше, егер жуық арада Каспийді құтқаруға қатысты түбегейлі шаралар қабылданбаса, онда алдағы уақытта бұл экологиялық жүйе жойылып кетуі мүмкін. "Каспий қайраңында жіті өңдеу жұмыстарын жүргізу теңіздегі барлық жануарлардың қырылуына әкеп соқтырады. Каспийдегі итбалықтар мен бекіре тұқымдастырдың жуықтағы қырылуы осыны растап отыр",- деп мәлім еткен болатын бір жыл бұрын қазақстандық тәуелсіз эколог.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны