27.12.2007, 16:32 2470

Изербайжанға жаңа паром жеткізілді

Изербайжанға жаңа паром жеткізілді

Баку. 27 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Изербайжанға Каспий теңізі бумен жүретін теңіз кемелерінің ұйымымен (КАСПАР) Хорватияның Пула қаласында сатып алынған жаңа паром жеткізілді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Паромның ұзындығы 154,5 метр. Паром ернеуге 52 вагон алуға қауқары бар. Кеме тек аса қауіпті жүктерді тасымалдауға арналған (сұйытылған газ, ашық және қара мұнай өнімдері). Бүгінде тапсыру процедуралары жүргізіліп жатыр ", - деді мамандар.

Жаңа паром Баку - Ақтау және Баку - Түркменбашы бағытымен жүретін болады.

Бұдан бұрын "Каспар" ұйымның басшысы Айдын Баширов, хабарлағанындай, Баку - Тбилиси - Карс темір жол құрылысы аяқталғаннан кейін, Изербайжан арқылы Еуропадан Азияға тасымалданатын жүк көлемі артады.Осыған байланысты олар ернеуіне 52 вагонды алып жүретін жаңа бес паромды сатып алуды жоспарлап отыр. Алдағы жылы Каспар 4 паромды сатып алмақшы.

Бүгінгі күнде Каспардың есебінде 28 вагонды тасымалдай алатын 7 паром бар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны