Система Orphus

Изербайжанның 2007 жылдың қаңтар - мамыр айларындағы мұнай өнімінің экспорты 28 пайызға төмендеген

11.06.2007, 18:37 2236

БАКУ. 11-маусым. Kazakhstan Today. Изербайжанның Мемлекеттік мұнай компаниясы 2007 жылдың қаңтар - мамыр айларында әлемдік нарыққа 978,609 мың тонна мұнай өнімін экспорттаған, бұл 2006 жылдың осы кезеңіндегі көрсеткішпен салыстырғанда 28 пайызға төмен, деп хабарлады Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Изербайжанның Мемлекеттік мұнай компаниясы.

Экспорт құрылымындағы негізгі көлем дизель отынына - 570,797 мың тонна, автокөлік бензиніне - 141,627 мың тонна, авииациялық отынға - 176,589 мың тонна,, мазута - 61,563 мың тонна тиесілі.

Мамырда Мемлекеттік мұнай компаниясы әлемдік нарыққа 283,448 мың тонна мұнай өнімін экспорттаған. Соның ішінде дизель отыны 108,047 мың тоннаны, авиакеросин - 40,994 мың тонна, автокөлік бензині - 65,05 мың тонна, жағар май - 3,193 мың тонна, мазут - 61,562 мың тонна, мұнай битумы - 4,641 мың тоннаны құраған.

Изербайжан Республикасының Мемлекеттік мұнай компаниясының ақпараттарына сүйенсек, 2007 жылдың мамырында бір тонна автокөлік бензині 753,46 АҚШ долларына (2007 жылдың сәуірінде - 698,8 АҚШ долларына), авиакеросин - 641,27 АҚШ долларына (628,43 АҚШ долларына), дизель отыны - 595,83 АҚШ долларына (593,51), ал мазута - 330,82 АҚШ долларына (311,24 АҚШ долларына) сатылған.

Изербайжанда небәрі екі мұнай өндіруші зауыт бар - "Азернефтяг" және Гейдар Алиевтің атындағы Бакиндік мұнай өндіруші зауыт. Мұнай өндірудегі жалпы қуаттылығы жылына 22 млн тоннаны құрап отыр. Екеуі де Изербайжан Республикасының Мемлекеттік мұнай компаниясының құрылымына кіреді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны