24.09.2009, 18:24 2482

Изербайжанның өнеркәсіп және энергетика министрі қазақ-әзербайжан үкіметаралық комиссиясының жаңа тең төрағасы болып тағайындалды

Изербайжанның өнеркәсіп және энергетика министрі қазақ-әзербайжан үкіметаралық комиссиясының жаңа тең төрағасы болып тағайындалды

Баку. 24 қыркүйек. Kazakhstan Today - Изербайжан президенті Ильхам Алиев Қазақстан мен Изербайжанның сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының жаңа тең төрағасын тағайындады, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Изербайжан президенті әкімшілігінің хабарлауынша, Изербайжан президенті 23 қыркүйекте қазақ-әзербайжан үкіметаралық комиссиясының Изербайжан жағындағы құрамына өзгеріңс енгізу туралы бұйрвққа қол қойды.

Бұйрық бойынша, әзербайжан жағынан комиссияның тең төрағасы болып Изербайжанның өнеркәсіп және энергетика министрі Натик Алиев тағайындалды. Ол осы қызметте бірінші вице-премьер Ягуб Эюбовты алмастырады.

Сондай-ақ, комиссия құрамынан өнеркәсіп және энергетика министрінің орынбасары Гюльмамед Джавадов шығарылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны