09.04.2008, 10:40 1348

Изербайжанның стратегиялық валюталық қоры жақында 10 млрд АҚШ долларын құрайды - Изербайжан Ұлттық банкі

Изербайжанның стратегиялық валюталық қоры жақында 10 млрд АҚШ долларын құрайды - Изербайжан Ұлттық банкі

Баку. 9 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Изербайжан Ұлттық банкі жақын арада елдің стратегиялық валюталық қорының 10 млрд долларға дейін өсетінін болжап отыр, деп мәлімдеді Каспийлік халықаралық "Банктер және қаржылар" конференциясында банктің басқарма төрағасының орынбасары Руфат Асланлы, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Ол Изербайжанның стратегиялық валюталық қоры тек соңғы төрт жылда 4,5 есе өскен және 2007 жылы 7 млрд АҚШ долларынан асып жығылған.

"Біз алдағы апталардың бірінде Изербайжанның валюталық қоры 10 млрд АҚШ долларына жетеді деп болжап отырмыз. Мұндай өсу серпіні 2008 - 2009 жылдары да байқалатын болады", - деді Р. Асланлы.

Изербайжанның стратегиялық валюталық қоры елдің Ұлттық банкі мен Мемелекеттік мұнай қорының қаражатынан құралады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны