08.02.2008, 10:30 1144

Изербайжан-тәжік үкіметаралық комиссиясының әзербайжандық бөлігінің құрамы бекітілді

Изербайжан-тәжік үкіметаралық комиссиясының әзербайжандық бөлігінің құрамы бекітілді

Баку. 8-ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Изербайжан президенті Ильхам Илиев кеше сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселесі бойынша әзербайжан-тәжік үкіметаралық комиссиясының әзербайжандық бөлігінің құрамын бекіту туралы өкімге қол қойды, деп хабарлады "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Изербайжан президентінің әкімшілігінен.

"Үкіметаралық комиссияның әзербайжандық бөлігінің құрамын бекіту туралы шешім 2007 жылдың 15-наурызында Душанбе қаласында сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы Изербайжан мен Тәжікстан үкіметтері арасында қол қойылған келісімнің 8-пунктіне сәйкес қабылданды", - деп атап көрсетті ИР президентінің әкімшілігінде.

Өкім мәтініне сәйкес, комиссия төрағалығына экономикалық даму министрі Гейдар Бабаев тағайындалған. Комиссия құрамына бірқатар министрлердің орынбасарлары мен Шетелдерде тұратын әзірбайжандықтармен жұмыс жүргізетін мемлекеттік комитеттің басшысы, министрлер кабинеті аппаратының ТМД елдерімен экономикалық байланыс бөлімінің меңгерушісі Кямал Исмаилзаде және Изербайжанның Тәжікстандағы елшісі Магеррам Алиев енді.

Изербайжанның Сыртқы істер министрлігіне аталмыш шешім туралы Тәжікстан жағына хабарлау міндеті жүктелген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны