25.07.2006, 17:43 2349

Изірбайжан екі жылдан кейін ғарышқа өзінің жер серігін ұшыра алады

БАКУ. 25 шілде. Kazakhstan Today. Изірбайжан екі жылдан кейін ғарышқа өзінің жер серігін ұшыра алады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Біз ғарышқа өзіміздің жер серігімізді ұшыруды жоспарлап отырмыз, бірақ бұл ойымыз 2008 жылы жүзеге асырылуы мүмкін. Оған дейін, осы операцияның қаншалықты мүмкін және тиімді екеніне экономикалық сараптама жасап, соның негізінде тиісті шешім қабылдаймыз", - деп мәлімдеді Изірбайжан байланыс және ақпараттық технологиялар министрі Или Аббасов.

Министрдің айтуынша, қазіргі кезде әзірбайжан жағы бұл жобаның мақсатқа лайықтылығын байқап білуде.

Қазақстан, Изірбайжанға үстіміздегі жылы 18 шілде күні Жер шары маңындағы орбитаға ұшырылған "KazSat" жер серігін пайдалануды ұсынды. "Қазақстан барлық көрші елдерге, оның ішінде Изірбайжанға да "KazSat" жер серігін пайдалануды ұсынды. Қазіргі кезде біз Еуропа елдерінің және Түркияның жер серіктерін қолданып жүрміз, бірақ бұл ұсынысты да байқап көреміз", - деді И. Аббасов.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны