17.02.2016, 23:27 3354

В.Божко тікұшақпен Қарағанды облысындағы су қоймаларын тексеріп шықты

ҚР Ішкі істер министрініӊ орынбасары Владимир Божконыӊ жетекшілігімен ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетініӊ қызметкерлерінен құралған топ Қарағанды облысында болды

Астана. 17 ақпан. Kazakhstan Today - ҚР Ішкі істер министрініӊ орынбасары Владимир Божконыӊ жетекшілігімен ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетініӊ қызметкерлерінен құралған топ Қарағанды облысында болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Сапар мақсаты - Қарағанды облысындағы су тасқынына дайындықты байқау, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Жиында жергілікті атқарушы билік органдарыныӊ, жол және коммуналдық қызметтердіӊ басшылары су тасқыны қаупі төнетін кезеӊге дайындығы пысықталды.

Тікұшақпен ұшу кезінде бірқатар елді мекендерді қарап, Ынтымақ, Чкалов және Саран су қоймаларыныӊ жағдайы бақыланды. Нұра және Шерубай-Нұра өзендері арнасыныӊ жағдайы тексерілді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны