19.11.2015, 09:50 4248

Вагондар арасына жасырынған әйел

Шекаралық тексеруден өткізіліп болып, орнынан қозғалған көлікті, әсіресе теміржол көлігін, біраз жерге ұзап кеткенше қалыптасқан тәртіп бойынша шекарашылар сырттай бақылап, "көзбен шығарып салады".

Астана. 19 қараша. Kazakhstan Today - Шекаралық тексеруден өткізіліп болып, орнынан қозғалған көлікті, әсіресе теміржол көлігін, біраз жерге ұзап кеткенше қалыптасқан тәртіп бойынша шекарашылар сырттай бақылап, "көзбен шығарып салады". Бұл қозғалыстағы көлікке жылдамдығын арттырып алғанға дейін әлдебіреулердіӊ жол-жөнекей секіріп мініп алмауын қадағалау үшін жасалатын шара. Жолаушылар пойыздарына ғана емес, тіпті жандарын шүберекке түйіп, жүріп бара жатқан жүк пойыздарына секіріп мінетіндер де бар, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Оӊтүстіктегі Сарыағаш шекара отрядыныӊ "Сарыағаш" шекара заставасынан өтіп, теміржолдыӊ Өзбекстанға кіретін тұсында "ақ көпір" аталып кеткен жер бөлігініӊ шекарашыларға ауық-ауық "тосын сый" ұсынып тұратыны бар. Соӊғы рет осыдан 20 шақты күн бұрын жүйткіп бара жатқан жүк вагондарыныӊ арасына жасырынып тұрған шекара бұзушыны қазақстандық шекарашы байқап қалып, өзбекстандық әріптестеріне хабар беру арқылы бірлесіп қолға түсіргені жайлы ақпарат құралдары арқылы жариялаған едік. Тура сондай жағдай кеше тағы қайталанды. Бірақ осы жолы "трюкті" қайталаушы әйел адам болып шықты. "Ийелдер ай, әйелдер ай, қандайсыӊ?" деген Мұқағалидыӊ сөзі жаӊа қырынан ашылғандай.

Шекарашылардыӊ өзара хабар алмасуы арқылы бұл шекара бұзушы әйел Өзбекстан аумағында ұсталды. Кім екендігін, неліктен бұндай қадамға барғандығын өзбек әріптестер анықтайтын болады.

ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны