26.05.2008, 16:50 2756

Вагондардың тапшылығынан Алматы - Симферополь және Астана - Адлер мемлекетаралық рейстер тоқтатылды

Вагондардың тапшылығынан Алматы - Симферополь және Астана - Адлер мемлекетаралық рейстер тоқтатылды

Алматы. 26 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Вагондардың тапшылығынан 25 мамырдан бастап Алматы - Симферополь және Астана - Адлер мемлекетаралық рейстер тоқтатылды, деп хабарлайды агенттік "Жолаушы тасымалы" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

" 25 мамырдан бастап Алматы - Симферополь және Астана - Адлер бағытымен жүретін поездар қозғалысы тоқтатылды. Бұл бағыттар жолаушы вагондары паркінің тапшылығы салдарынан тоқтатылды", -деп хабарлайды ақпарат көзі.

"Жолаушы тасымалы" АҚ баспасөз қызметі хабарлағанындай, сонымен бірге жазда Қазақстан аумағы арқылы өтетін жаңа мемлекетаралық бағыттар ашылады. Олар Астана-Үрімжі, Бішкек-Уфа (қырғызстан теміржолына қарасты ), Ташкент-Санкт -Петербург және Ташкент-Екатеринбург (өзбек теміржолына қарасты екі құрам).

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны