26.01.2007, 14:20 3096

Валерий Набитовский Екібастұздың әкімінің міндеттерін атқаруға кірісті

ПАВЛОДР. 26-қаңтар. Kazakhstan Today. Екібастұз әкімі лауазымынан босатылған Валерий Набитовский өзінің міндеттерін атқаруға қайта кірісті. Бұл туралы бүгін Kazakhstan Today тілшісіне Павлодар облысының әкімшілігінің баспасөз қызметінен хабарлады. 
 

Бүгін таңертең Валерий Набитовский өз міндеттеріне қайта кірісті",- деп хабарлады баспасөз қызметінен. 

 
Екібастұз әкімшілігінен хабарлағандай, соттар облыстық прокуратураның В.Набитовскийді алдын ала тергеу мен сот жүргізу кезінде уақытша қызметінен босату туралы қаулысының күшін жойды. "Набитовский өзіне жалған жала жабылып отырғандағын заңды тұрғыда дәлелдей білді",- деді сұхбаттасушы. 
 
Бұрын хабарлағанымыздай, В. Набитовский жер телімін бөліп беруге байланысты қозғалған қылмыстық іс бойынша тергеу жүргізілгенше әкімшілік қызметінен босатылған болатын. В. Набитовский 2006 жылдың 20-қазанында сынақ түріндегі  сайлауда Екібастұздың әкімі болып сайланған болатын.
     
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны