20.07.2006, 18:20 2862

"Валют-Транзит Банк" әкімшілігі жетекшілерінің үстінен қылмыстық іс қозғалды

ҚАРАҒАНДЫ. 20 шілде. Kazakhstan Today. "Валют-Транзит Банк" АҚ әкімшілігі жетекшілерінің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы журналистерге Қарағанды облысы ІІД тергу басқармасының бастығы Рашид Ефизов хабарлаған.

Р. Ефизовтың ақпараты бойынша, 2006 жылдың наурыз айында "Валют-Транзит Банк" әкімшілігі тарапынан қазына басқармасы директорының орынбасары Алексей Щербаковтың екі мөрді ұрлағаны жөнінде ІІД шағым түскен болатын. Осы фактқа сәйкес тергеу басқармасы ҚР ҚК 2 тармағы 324 бабы (құжаттарды, мөрді ұрлау, бүлдіру) бойынша қылмыстық іс қозғаған.

Алдын ала жүргізілген тексерулер кезінде, 2006 жылы А. Щербаковтың "Валют-Транзит Банк" төрағасы Аян Күшіковпен бірлесе отырып банктен 207 873 370 теңге 45 тиын тонағаны анықталды. Осы факт бойынша ІІД тергеу басқармасы аталған азаматтардың үстінен ҚР ҚК 6 п. 3 тармағы 177 бап (алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғағаны жөнінде, Р. Ефизов мәлімдеді.

Оның айтуынша, А. Күшіков (33 жаста, Қарағанды тұрғыны) маусым айында тұтқындалды, оған ҚР ҚК бірнеше бабы бойынша айып тағылды. А. Щербаковтың (33 жаста, Алматы тұрғыны) қайда екені белгісіз болғандықтан, оған іздеу жарияланды. Аталған іс бойынша тергеу жалғасуда.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны