12.04.2007, 18:42 3216

"Валют-Транзит" банкінің бұрынғы президенті ауруханаға жатқызылды

ҚАРАҒАНДЫ. 12 - сәуір. Kazakhstan Today. "Валют-Транзит" банкінің бұрынғы президенті ауруханаға жатқызылды. Бұл турады Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне А. Беляловтың адвокаты Лидия Шмакова хабарлады.

Оның сөздеріне сүйенсек, Андрей Белялов Қарағандының көпсалалы емдеу-диагностикалық бірлестігінің жан сақтау бөлімшесінде жатыр. Медициналық мекемедегілер, А. Беляловтың 11-сәуірде 00 сағат 10 минутта жарақат бөлімшесіне жеткізіліп, одан жан сақтау бөлімшесіне ауыстырылғандығын растады. Дәрігерлердің ақпараттарына сүйенсек, А. Белялов бүгін нейро-травматологиялық бөлімшесіне ауыстырылған. Дәрігерлер белгізісіз себептерге байланысты диагнозды айтпай отыр.

Сонымен қатар, Лидия Шмакова ВТБ-нің бұрынғы басшысының үстінен қозғалған қылмыстық іс осы аптада сотқа жіберілетіндігін хабарлады.

Қарағанды облысының экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес департаментінің ресми емес ақпараттарына сүйенсек, А. Беляловқа тағы екі айып тағылған. Енді ол Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің төрт бабы - 192-бабы (жалған кәсіпкерлік), 325 - бабы (ресми құжаттарды қолдан жасау), 228-бабы (лауазымдық өкілеттілігін жалған пайдалану) және 220-бабы (банктің ақша қаражатын заңсыз пайдалану) бойынша айыпталуда. Қаржы полициясының қылмыстық істі сотқа беру мерзімі 15-сәуірде аяқталады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны