18.04.2007, 09:58 1320

"Валют-Транзит" банктің бұрынғы президентіне тағы үш бап бойынша айып тағылды

ҚАРАҒАНДЫ. 18 сәуір. Kazakhstan Today. "Валют-Транзит" банктің бұрынғы президенті Андрей Беляловқа ҚР ҚК тағы үш бабы бойынша айып тағылды. Бұл жөнінде Қарағандыда өткен баспасөз мәслихатында экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес агенттігі төрағасының орынбасары Сәттібек Оңғарбаев хабарлады.

С. Оңғарбаевтың сөзіне қарағанда, осылайша А.Беляловтың үстінен жеті бап бойынша - 193 (заңсыз алынған ақшаны немесе басқа мүлікті заңдастыру), 182 (алдау немесе сенімге кіру арқылы мүліктік шығын келтіру ), 192 (жалған кәсіпкерлік), 220 (банктің ақшасын заңсыз пайдалану), 228 (қызметін асыра пайдалану), 325 (құжаттарды қолдан жасау немесе жалған құжаттарды сату), 218 (бухалтерлік есеп-қисап ережесін бұзу) қылмыстық іс қозғалды.

С. Оңғарбаевтың айтуынша, А. Беляловтың қаладан шықпау туралы қолхаты тұтқындауға ауыстырылып, ол тергеу изоляторына тоғытылды. Қаржы полициясының пікірінше, Беляловтың тұтқындау кезінде денсаулығының нашарлауы қитұрқылық әрекет. "Егер, дәрігерлер инфаркт болмағанын растаса және ол тергеу изоляторында шыдайтын болса, онда бұл сылтау",-деді С.Оңғарбаев.

Қаржы полициясының мәліметінше, экс-президент өзінің заңсыз әрекеттерімен банкке 6,5 млрд теңге шығын келтірген, осынша қаражат 27 жалған мекеме арқылы шығарылған. С.Оңғарбаевтың айтуына қарағанда, қылмыстық істі тергеу барысында шығынды өндіру мақсатында республика бойынша 519 нысанның жұмыс істеуіне тыйым салынды. Тек Қарағандының өзінде "Чайка", "Қазақстан" мейманхана кешендері, банктің орталық офисі, "Дворец детства" балабақшасы. Сарапшылардың пікірінше , осы мүліктің нарықтық бағасы орта есеппен алғанда

келтірілген шығынның көлеміне тең келеді.

"Валют-Транзит Банктің " ісі бойынша , жеті адамның үстінен 80 қылмыстық іс қозғалған. Тергеу изоляторында алты адам отыр, олар - банк басқармасының мүшелері мен бөлімшелерінің жетекшілері. Бір жүкті әйелден қаладан шықпау туралы қолхат алынған. Сонымен қатар, осы іске қатысы бар деген тағы екі адам іздестірілуде.

Қазірде тергеуге алынғандар қылмыстық істің материалдарымен танысуда. А.Беляловтың адвокаты Лидия Шмакованың журналистерге хабарлауынша, айыпталушы өз кінәсін мойындамайды. "Экономкалық қылмыстарға қатысы бар деп, оған тағылған айыптардың бәрі тергеудің ойлап тапқаны", -деп мәлімдеді қорғаушы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны