Система Orphus

Ведомствоаралық комиссия отырысында елдегі эпидемиологиялық жағдай қаралды

19.05.2020, 18:15 3052

Алматы. 19 мамыр. Kazakhstan Today - Ведомствоаралық комиссия отырысында елдегі эпидемиологиялық жағдай қаралды.

Бүгін Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен Коронавирус инфекциясының пайда болуына және таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысында қазіргі эпидемиологиялық ахуал мәселелері қаралды.

Денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов өз мәлімдемесінде санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтау қажеттілігіне тоқталды. Себебі, қарантин шараларын жеңілдету кейбір өңірлерде ауруды жұқтыру санын көбейтіп отыр.

Осыған орай, өңірлерде қызметіне қайта кіріскен объектілерде санитариялық талаптардың орындалуына қатаң бақылау ұйымдастыру тапсырылды.

Тек Нұр-Сұлтан қаласында жүргізілген тексеріс жұмыстары барысында санитариялық талаптарды орындамағаны және бұзғаны үшін 15 құрылыс нысанының қызметі анықталған кемшіліктерді орнына келтіргенше тоқтатылды.

Сонымен қатар қолайлы эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, Ведомствоаралық комиссияның шешімімен 2020 жылғы 20 мамырдан бастап Нұр-Сұлтан мен Петропавл қалаларында сауда-ойын-сауық орталықтарының (ойын-сауық алаңдары, фудкорттар, кинотеатрлар іске қосылмайды), қоғамдық моншалардың қызметін іске қосу туралы шешім қабылданды.

Ресей Федерациясынан 1 мыңдай Қазақстан азаматын, оның ішінде сол жақта оқитын студент жастарымызды елге қайтару мәселесі қаралды.

Отырыс қорытындысы бойынша Премьер-Министрдің орынбасары Е. Тоғжанов бірнеше нақты тапсырмалар берді.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны