24.04.2012, 10:27 3210

Венесуэла президенті Уго Чавес өзінің өлімі туралы тараған хабарды жоққа шығарды

Дәрігерлер өткен жылы қатерлі ісік алынған жерінен тағы да ісік тауып, ақпан айында Чавеске операция жасаған еді. Сәуір айының ортасында Уго Чавес кезекті рет Кубаға емделуге кеткен болатын. Идетте бұқаралық ақпарат құралдарымен жиі байланысып жүрген Уго Чавес содан бері хабарласпай кеткен. Бұл ғаламторда оның денсаулығы күрт нашарлағаны, тіпті өлімі туралы сыбыстың тарауына себеп болған.

Астана. 24-сәуір. Kazakhstan Today - Венесуэла президенті Уго Чавес өзінің өлімі туралы тараған хабарды жоққа шығарды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Ол Венесуэла мемлекеттік телеарнасының тікелей эфиріне телефон соғып, сұхбат берген,- деп хабарлады Хабар агенттігі.

Дәрігерлер өткен жылы қатерлі ісік алынған жерінен тағы да ісік тауып, ақпан айында Чавеске операция жасаған еді. Сәуір айының ортасында Уго Чавес кезекті рет Кубаға емделуге кеткен болатын. Идетте бұқаралық ақпарат құралдарымен жиі байланысып жүрген Уго Чавес содан бері хабарласпай кеткен. Бұл ғаламторда оның денсаулығы күрт нашарлағаны, тіпті өлімі туралы сыбыстың тарауына себеп болған.

Уго Чавестың мәлімдеуінше, бұл хабарды оның қарсыластары таратып жүрген. Венесуэла президенті 26 сәуірде отанына үш күнге қайтатынын хабарлады. Содан кейін Кубаға барып, емін жалғастырады. Қазан айында Венесуэлада президенттік сайлау өтеді. 57 жастағы Уго Чавес денсаулығы сыр бергеніне қарамастан, тағы да алты жылға сайлануға тырысатынын мәлімдеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны