25.06.2026, 17:42 151141

Венесуэладағы жер сілкінісінен зардап шеккен қазақстандықтар туралы ақпарат жоқ - СІМ

Венесуэладағы жер сілкінісінен зардап шеккен қазақстандықтар туралы ақпарат жоқ - СІМ
Сурет: Manaure Quintero / AFP via Getty Images
Венесуэланың құзыретті органдарынан жойқын жер сілкінісі салдарынан зардап шеккен Қазақстан азаматтарына қатысты ешқандай ақпарат түскен жоқ, деп мәлімдеді ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ерлан Жетібаев.

"Шетелдегі Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктеріне еліміздің азаматтарынан да ешқандай өтініш түскен жоқ", - деді ол.


Естеріңізге сала кетсек, сәрсенбі күні Венесуэланың солтүстік жағалауында қатты жер сілкінісі болып, салдарынан ел астанасы Каракаста бірқатар ғимарат қираған болатын. Сондай-ақ Каракастағы Симон Боливар атындағы халықаралық әуежай бүлінген.

Жер сілкінісінің ошағы елдегі ең ірі мұнай өңдеу зауыттарының бірі орналасқан Монтальбан қаласынан солтүстік-батыста шамамен 30 шақырым қашықта тіркелді. АҚШ Геологиялық қызметінің алдын ала мәліметіне сүйенсек, жер сілкінісінің магнитудасы 7,5 балды құрады (бұған дейін 7,1 балл деп хабарланған болатын).

АҚШ Геологиялық қызметінің бағалауынша, Венесуэладағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 10 мыңнан 100 мың адамға дейін жетуі мүмкін.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны