19.01.2018, 17:32 6285

Вице-Премьер Алматы облысында болды

Алматы облысына жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрініӊ орынбасары Асқар Жұмағалиев келіп, Алматы облысыныӊ әкімі Амандық Баталовпен бірге Панфилов ауданындағы бірқатар маӊызды нысандарда болды

Талдықорған. 19 қаӊтар. Kazakhstan Today - Алматы облысына жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрініӊ орынбасары Асқар Жұмағалиев келіп, Алматы облысыныӊ әкімі Амандық Баталовпен бірге Панфилов ауданындағы бірқатар маӊызды нысандарда болды, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімініӊ баспасөз қызметі.

Алдымен "Алтынкөл" станциясына атбасын бұрып, ондағы кедендік посттыӊ жұмысымен және темір жол станциясыныӊ инфрақұрылымымен танысты. 250 га аумақты алып жатқан темір жол бекеті "Жетіген - Қорғас" темір жол желісініӊ құрамында бола отырып, Қазақстан мен Қытай арасындағы екінші халықаралық шекаралық темір жол өткелі арқылы ел аралық транзиттік тасымалдыӊ артуына ықпал етіп отыр. Темір жолдыӊ жалпы ұзындығы 16,8 шақырымды құрайды.

Үкімет басшысыныӊ орынбасары жүк тасымалдау кезіндегі декларация толтыру процесіндегі цифрландыру мен автоматтандырудыӊ жүйесін жетілдіру және жеӊілдетілген бағдарламаға көшіруді қарастыруды тапсырды.

Мұнан соӊ ресми делегация "Қорғас - Шығыс қақпасы" арнайы экономикалық аймағына барды. "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы арқылы жүзеге асырылып жатқан бұл жоба Қазақстанныӊ транзиттік-көліктік әлеуетін арттыруға зор серпін беріп, сол сияқты Жаӊа Жібек жолы экономикалық белдеуін қалыптастыруға ықпал етуді мақсат етуде. "Қорғас-Шығыс қақпасы" АЭА аумағы 4591,5 га болса, соныӊ ішінде Құрғақ порт129,8 га жерді алып жатыр.

Сапар барысында Вице-Премьерге "Қорғас" ХШЫО-ныӊ бас жоспары және алдағы даму мүмкіндіктері таныстырылды. Кеден және шекаралық қызмет өкілдері Бақылау-өткізу пунктіндегі кедендік бақылау және төлқұжаттық тексеруден өту процесі жайлы айтып берді.

Орталық аумағында 91 инфрақұрылымдық нысан жоспарланған. Бүгінгі күнге соныӊ 77-сініӊ құрылысы бітіп, 56-сы іске қосылған. Жұмыс жалғасып жатыр. Сонымен қатар 63 инвестициялық жобаныӊ құны 300,96 млрд. теӊге болатын 18-і бөлініп беріліп, айқындалған. 2018 жылдыӊ екінші тоқсаныныӊ соӊына қарай 5 инвестициялық жобаныӊ құрылысы аяқталады деп жоспарланып отыр. Күнделікті "Қорғас" ХШЫО-ға 5 мыӊға жуық адам келіп кетеді.

Сол сияқты осы күні А. Жұмағалиев "Нұрлы жол" кеден бекетініӊ құрылысымен танысып, "Нұркент" кентінде де болды.

Алматы облысы әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны